3 Мамыр 2026, Жексенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Илон Масктың интернеті Қазақстанның екі пойызына қосылады

    24 Қыркүйек, 2025
    Илон Масктың интернеті Қазақстанның екі пойызына қосылады

    Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

    «Жолаушылар тасымалы» АҚ алдағы айларда №33/34 «Ақтөбе – Алматы» және №21/22 «Қызылорда – Семей» бағыттарындағы пойыздарда Starlink технологиясы арқылы интернет қосылады.

    Жаңа буындағы «Астана – Бурабай курорты» бағыты бойынша жүретін №888/887 «Burabay Express» электропойызында Starlink технологиясы іске қосылып, жолаушылар алғаш рет жол үстінде интернетке қосылу мүмкіндігіне ие болды. Бұл – жылдамдығы 250 Мбит/с-тан асатын жоғары жылдамдықты интернеті бар алғашқы жүрдек электропойыз.

    «Пилоттық жобаның алғашқы нәтижелері бұл қызметтің жоғары сұранысқа ие екенін көрсетті. Жолаушылар ойын-сауық контентін көру, мессенджерлер арқылы байланысу, сапар барысында қашықтан жұмыс істеу, сондай-ақ онлайн-табло, мультимедиялық жүйе және қолма-қол ақшасыз төлем қызметі сияқты қосымша сервистерді пайдалана алады.

    Ұлттық тасымалдаушы үшін бұл жоба жолаушылар қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Пойызға орнатылған бейнекамералар жол бойы жағдайды бақылауға, ал GPS-трекерлер маршрутты нақты уақыт режимінде Ситуациялық орталықтан қадағалауға мүмкіндік береді.

    Жоба пойыздарға жоғары жылдамдықты интернет енгізуге маманданған SkyNomad компаниясымен әріптестіктің нәтижесінде жүзеге асырылды. Компания жолаушыларға тұрақты қосылуды қамтамасыз ететін кешенді веб-платформа әзірледі. Ал Starlink технологиясы дәстүрлі желілер қолжетімсіз ең шалғай аймақтарда да сенімді интернет байланысын ұсынады», – делінген ҚТЖ хабарламасында.

    Биыл «Жолаушылар тасымалы» АҚ цифрландыру бағдарламасы аясында пойыздарды интернетпен қамту жұмысын жалғастырып, пилоттық режимде №67/68 «Астана – Өскемен» және №3/4 «Астана – Алматы» бағытындағы «Тальго» пойыздарында төмен орбиталы жоғары жылдамдықты спутниктік интернетті іске қосты. Бүгінгі күнге дейін осы үш бағытта 100 мыңнан астам жолаушы интернет қызметін пайдаланды.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Астана әкімдігі Қарттар күніне орай 100 мың зейнеткерге 9 830 теңгеден төлейді

    Келесі жазба

    Қазақстанда жыл басынан бері жол апаты 54 пайызға көбейіп, 1,5 мыңға жуық адам қаза болды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Пентагон Ирандағы соғыс шығындары туралы алғашқы ресми есепті жариялады

    Ержан Бабақұмаровты өлтірген қылмыскер 11 жылға сотталды

    Алматыда келесі жылы жеңіл көліктерге қойылатын талаптар күшейеді

    Алматыда жігіттер 32 жасында, ал қыздар 29 жасында отбасын құрады – статистика

    Астанаға Ресейдің сыртқы істер министрі келді

    Ақмола облысындағы сүт кәсіпорнында жарылыс болып, екі адам оңбай күйіп қалды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸

    © 2025 TauNews