3 Мамыр 2026, Жексенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Қазақстанда жыл басынан бері жол апаты 54 пайызға көбейіп, 1,5 мыңға жуық адам қаза болды

    24 Қыркүйек, 2025
    Қазақстанда жыл басынан бері жол апаты 54 пайызға көбейіп, 1,5 мыңға жуық адам қаза болды

    Фото: «ҚазАвтоЖол»

    Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Саиров Қазақстанда жол апаты күрт көбейгенін айтып, дабыл қақты.

    Депутат Парламент қабырғасында ішкі істер министрі Ержан Сәденовке сауал жолдады.

    «Халықтың өмірі мен денсаулығына тікелей әсер ететін жайттің бірі – жол қауіпсіздігі. Өкінішке қарай, елімізде бұл салада түйткілдер өршімесе, азаймай отыр. Бұған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі таяудағы халыққа жолдауында тағы да арнайы тоқталып, «Әрбір адам өз өміріне және айналасындағы адамдардың қауіпсіздігіне жауапты екенін сезінуге тиіс. Көлік жүргізу мәдениетін бүкіл қоғам болып қалыптастыру қажет» деп нақты атап өтті», – дейді депутат сөз басында.

    Осыдан кейін ол нақты деректер келтіріп, Қазақстанда 2025 жылдың бірінші жартысында 15 698  жол-көлік апаты болғанын айтты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 54 пайызға көп. Жол апатынан 22 346 адам зардап шегіп, 1 466 адам қаза болған.

    Тек бір айдың ішінде Қазақстанда ірі жол апаттары болып, 25 адамның өмірі қиылған. Атап айтқанда, Маңғыстау облысында жол апатынан 10 адам, Жетісу облысында 10 адам, Қарағанды облысында 5 адам қаза тапқан.

    «Бейбіт күнде қаншама отбасы қайғы жұтып, қара жамылып қалды. Бұл – өте алаңдатарлық жағдай! «Жол апатының үштен бірі жүргізушілердің белгіленген жылдамдықтан асып кеткендігінен, рульде ұйықтап кету, қарсы жолаққа шығып кетуінен болады» дейді сарапшылар.

    Бір ғана мысал, жыл басынан бері Қарағанды облысының тас жолдарында 49 адам қаза болса, соның үштен бірі – такси қызметін пайдаланған азаматтар екен. Дәл осындай жағдай республикалық маңызы бар трассалардың барлығына дерлік тән!

    Такси жүргізушілердің көпшілігі – жас жеткіншектер. Олар күні-түні демалмай үш-төрт рет қалааралық рейс жасап, жолаушылар тасымалдайды. Түні бойы денені сергітетін сусын ішіп, оның әсері біткеннен кейін лезде ұйықтап кетеді. Соның салдарынан жоғарыда аталған апаттар орын алып жатады», – дейді депутат.

    Айтуынша, қалааралық тасымалдауда көбінесе оң жақ рульді Toyota Alphard көліктері қолданыста. Бұл алдындағы көліктен басып озу барысында қарсы жолақта келе жатқан көлікті көруге кедергі жасап, жиі жол апатына ұшыратып жатыр. Мұны да шектейтін уақыт жетті, дейді ол.

    «Мысалы, Toyota Alphard маркалы автокөлік көптен бері жағымсыз атаққа ие болып жүр. Жолдардағы осы көліктің қатысуымен болған апаттардың өлім-жітім статистикасы тым жоғары. Белгілі болғандай, шілде айының екі күнінде ғана Жамбыл және Алматы облыстарында Alphard көліктері қатысқан екі ірі жол апаты тіркеліп, онда он адам қаза тауып, тағы төртеуі жарақат алды.

    Біз таксистердің де бала-шағасы бар екендігін, олар отбасын асырау үшін жанұшырып жүргендігін түсінеміз. Бірақ басқа азаматтардың өміріне қауіп төндіріп ақша табу – күнә!» – деп нықтап айтты.

    Сөз арасында жүргізуші куәлігін 250 мың теңгеге алуға болатындығы жөніндегі жарнама барлық қалаларға тән екенін де жеткізді.

    «Көмекшілер» куәлікті мектепте оқымай-ақ алуға болатындығын жасырмайды. Сондықтан жүргізуші дайындайтын мектептердің жауапкершілігін арттыру, сервистердің  де заң алдындағы жауапкершілігін күшейту де өте маңызды!

    Бұл ретте, дамыған елдердің тәжірибесін пайдаланған жөн. Мәселен, АҚШ-та жүргізушілерге қойылатын талап өте қатаң. Такси қызметін көрсету үшін әрбір жүргізушінің жеке басы, денсаулығы, соттылығы, жүргізуші куәлігі, тынығуы толық сүзгіден өткізіледі. Егер жүргізуші жолда жылдамдықты шектен тыс арттыратын болса, онда жол полициясы айыппұл салып, бірден Uber жүйесіне мәлімет жібереді. Ол дереу жүргізуші аккаунтын 2 жылға жауып тастайды екен.

    Біздің елімізде де осындай шаралар енгізілуге тиіс. Өйткені жолда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамассыз ету майданға айналып отыр. Осы майданда заң мен тәртіп үстемдік етуі керек», – деді Ерлан Саиров.

    Сөз соңында елімізде көлік апаттарының алдын алып, жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мынадай шараларды жедел қолға алу керек деп санайтынын жеткізді:

    1. Заң талаптары бойынша агрегаторлар жол жүру ережелерін жиі бұзатын жүргізушілерді, оң рульді машиналар мен екі есікті машиналарды жолға шығармауы тиіс. Қалааралық рейс болса, рейс алдында техникалық және медициналық бақылаудан өтуі керек.
    2. Сервистер автомобильдердің техникалық жағдайы мен жүргізушілердің біліктілігін тексеріп, талапқа сай келмегендерді шектеп отыруы қажет. Ішкі істер министрлігі осы нормалардың қатаң сақтауын қамтамасыз етуі тиіс.
    Таңбалар: Қасым-Жомарт Тоқаев
    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Илон Масктың интернеті Қазақстанның екі пойызына қосылады

    Келесі жазба

    Қазақстан әлем бойынша мұндай заң қабылдаған алғашқы елдердің қатарында – Қошанов

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Пентагон Ирандағы соғыс шығындары туралы алғашқы ресми есепті жариялады

    Ержан Бабақұмаровты өлтірген қылмыскер 11 жылға сотталды

    Алматыда келесі жылы жеңіл көліктерге қойылатын талаптар күшейеді

    Алматыда жігіттер 32 жасында, ал қыздар 29 жасында отбасын құрады – статистика

    Астанаға Ресейдің сыртқы істер министрі келді

    Ақмола облысындағы сүт кәсіпорнында жарылыс болып, екі адам оңбай күйіп қалды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸

    © 2025 TauNews