3 Мамыр 2026, Жексенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Қазақстан әлем бойынша мұндай заң қабылдаған алғашқы елдердің қатарында – Қошанов

    24 Қыркүйек, 2025
    Қазақстан әлем бойынша мұндай заң қабылдаған алғашқы елдердің қатарында – Қошанов

    Фото: мәжілістің баспасөз қызметі

    Бүгін Мәжіліс екінші оқылымда «Жасанды интеллект туралы» Заң жобасын және оған ілеспе заң жобаларын қабылдады. Мәжіліс Спикері, «AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошановтың айтуынша, бүгін депутаттар өте маңызды заңды қабылдаған.

    «Мемлекет басшысы таяудағы Жолдауында алдымызға үш жыл ішінде Қазақстанды жаппай цифрлық елге айналдыру жөнінде ауқымды міндет қойды. Бұл прогрессивті идеяны Президентіміз бүгін әлемнің ең басты мінбері – Біріккен Ұлттар Ұйымының төрінен де жариялады», – деген ол Тоқаевтың сөзін мысалға алды.

    Оның айтуынша, бүгін қабылданып отырған Жасанды интеллект туралы заң – осы бастаманы іске асыру жолындағы іргелі қадам болған.

    «Ол еліміздің цифрлық дамуын жаңа деңгейге шығаруға жол ашатыны анық. Қазақстан әлемде мұндай заң қабылдаған алғашқы елдердің қатарында. Заңды қабылдау барысында цифрландыру саласындағы озық әлемдік тәжірибелер мен тәуекелдердің бәрі ескерілді. Әділеттілік, заңдылық, ашықтық, адам құқықтары мен жеке мәліметтерді қорғау басты принцип ретінде қарастырып отыр», – дейді Қошанов.

    Оның айтуынша, заңның басты міндеті – технологияны қоғам мен әрбір азаматтың игілігі үшін жұмыс істету.

    «Қорыта айтқанда, бүгінгі қабылданған заң жасанды интеллект саласы үшін, жалпы мемлекетіміздің дамуы үшін үлкен серпіліс бермек. Әріптестер, біздің алдымызда жасанды интеллект мәселелері бойынша маңызды Парламенттік тыңдау тұр. Сондықтан кең ауқымды пікірталас алдағы жұма күні жалғасын табады. Қазір жұмыс тобына, депутаттар мен мемлекеттік органдардың өкілдеріне бірлескен және жемісті жұмысы үшін алғыс айтқым келеді», – деді сөзін түйіндеген ол.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Қазақстанда жыл басынан бері жол апаты 54 пайызға көбейіп, 1,5 мыңға жуық адам қаза болды

    Келесі жазба

    «Өмір бойғы ақшасы»: Павлодардың қарттар үйіндегі қария қажылыққа жинаған 3,6 млн теңгесін 30 анаға бөліп берді

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Пентагон Ирандағы соғыс шығындары туралы алғашқы ресми есепті жариялады

    Ержан Бабақұмаровты өлтірген қылмыскер 11 жылға сотталды

    Алматыда келесі жылы жеңіл көліктерге қойылатын талаптар күшейеді

    Алматыда жігіттер 32 жасында, ал қыздар 29 жасында отбасын құрады – статистика

    Астанаға Ресейдің сыртқы істер министрі келді

    Ақмола облысындағы сүт кәсіпорнында жарылыс болып, екі адам оңбай күйіп қалды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸

    © 2025 TauNews