10 Тамыз 2026, Дүйсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 469.93 ₸
    EUR EUR 541.64 ₸
    RUB RUB 5.71 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Кипр президенті Тоқаевпен кездесу үшін Астанаға ашылған тікелей рейспен бірінші болып ұшып келді

    3 Маусым, 2026
    Кипр президенті Тоқаевпен кездесу үшін Астанаға ашылған тікелей рейспен бірінші болып ұшып келді

    Фото: Ақорда

    Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никос Христодулидистің келіссөзі екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғасқанын хабарлады.

    Мемлекет басшысы Кипр Республикасының президенті дипломатиялық қарым-қатынастар орнаған сәттен бері елімізге алғаш рет тарихи сапармен келгенін атап өтті.

    «Біз жаңа ғана шағын құрамда мазмұнды келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бейіл екенімізді растадық. Қазақстан өзара тиімді келісімдерді бекітуге дайын. Өйткені елдеріміз арасында қалыптасқан достықты құрмет тұтамыз. Сапарыңыздың Кипр Еуропа Одағы Кеңесіне төрағалық етіп жатқан кезеңде өтуі символдық мәнге ие. Осы орайда Сіздің жетекшілігіңізді жоғары бағалаймыз әрі маңызды миссияны табысты аяқтауыңызға тілектеспіз. Сіздің күш-жігеріңіздің арқасында Кипрдің халықаралық аренадағы беделі айтарлықтай арта түсті. Біз Кипрмен сан қырлы серіктестікті дамытуға мүдделіміз. Екі ел арасындағы қарым-қатынас саяси деңгейдегі тұрақты байланыстар және дипломатиялық ведомстволар желісі арқылы сенімді түрде ілгерілеп келеді. Астана мен Никосия қалаларында елшіліктеріміздің ашылуы жүйелі әрі нақты ықпалдастықтың берік институционалдық негізін қалайды. Сіздің Ларнака – Астана бағытындағы алғашқы әуе рейсімен ұшып келуіңіздің символикалық сипаты айрықша. Өйткені бұл екі елді жалғайтын тікелей әуе қатынасының іске қосылғанын көрсетеді. Қазіргі сауда көлемі экономикаларымыздың нақты әлеуетіне толық сай емес екенін түсінеміз. Сондықтан ортақ мақсатымыз – саяси ерік-жігерімізді нақты экономикалық нәтижеге айналдыру», – деді Қазақстан президенті.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Никос Христодулидиспен бірге ауқымды бизнес делегация келгеніне тоқталды. Бұл кипрлік компаниялардың елімізге қызығушылығы артып келе жатқанын байқатады.

    Осы орайда цифрландыру мен жасанды интеллект, логистика, қаржы, туризм және білім беру салаларындағы кооперацияны кеңейтуге баса мән беру қажет екені айтылды.

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, бүгінгі бизнес-форум мен Сауда палаталары арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою іскерлік топтардың тікелей диалогын жолға қоюға септігін тигізеді.

    «Қазақстан кипрлік компаниялардың инвестиция құю және елімізде кәсіп ашу ниетін құптайды. Ел саясатының негізгі басымдықтарының бірі – бизнес пен инвесторларға қолайлы жағдай жасау. Кипр компаниялары инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда Үкіметіміздің нақты қолдауына арқа сүйей алады. Бұдан бөлек, парламентаралық байланыстар елдеріміздің ынтымақтастығына орнықты саяси-құқықтық негіз қалайды», – деді президент.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Мектеп бітіру кешін дүркіретіп өткізгендер жазаланбайды: ІІМ Оқу-ағарту министрлігінің тыйымына жауап берді

    Келесі жазба

    Жат діни пиғыл жау қылады

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Екпе талаптарын сақтамаған балабақшаларға айыппұл салынды

    Қай учаскеде дауыс бересіз? Құрылтай сайлауына қатысты нұсқаулық

    Қазақстанда күн қатты ысиды: кей өңірлерде +41° дейін жетеді

    Қазақстан футбол құрамасының жаңа бас бапкері тағайындалды

    Қазақстанда бастауыш сыныптар үшін бағалау жүйесін өзгерту ұсынылды

    Рамзан Қадыров Шешенстан басшысы қызметіне кандидат болып тіркелді

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 469.93 ₸
    EUR EUR 541.64 ₸
    RUB RUB 5.71 ₸

    © 2025 TauNews