16 Қараша 2026, Дүйсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 444.3 ₸
    EUR EUR 490.91 ₸
    RUB RUB 5.41 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Мектеп бітіру кешін дүркіретіп өткізгендер жазаланбайды: ІІМ Оқу-ағарту министрлігінің тыйымына жауап берді

    3 Маусым, 2026
    Мектеп бітіру кешін дүркіретіп өткізгендер жазаланбайды: ІІМ Оқу-ағарту министрлігінің тыйымына жауап берді

    Фото: Freepik

    Мектеп бітіру кешін мейрамханада ұйымдастыратындарға ешқандай айыппұл салынбайды. Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі түлектер кешін дүркіретіп өткізуге тыйым салған еді, алайда бұл талаптың орындалуын полиция қадағалай алмайды.

    Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов түсіндіргендей, полицияның негізгі міндеті – қоғамдық тәртіпті сақтау және құқықбұзушылықтардың алдын алу. Ал түлектер кешін өткізуге қатысты шектеулерді енгізген Оқу-ағарту министрлігі болып отыр.

    «Бұл – Оқу-ағарту министрлігінің бастамасы. Ішкі істер министрлігі өз құзыреті аясында профилактикалық жұмыстарды жалғастырады. Полицияға түскен әр хабарламаны назардан тыс қалдырмай, уәкілетті органдармен бірлесіп жұмыс жүргіземіз», – деді ол.

    Вице-министрдің айтуынша, егер іс-шаралар барысында әкімшілік құқықбұзушылықтар анықталса, кінәлілер заңға сәйкес жауапқа тартылады.

    Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, түлектер кештерін ұйымдастыруға тыйым салу немесе рұқсат беру бойынша полицияға арнайы өкім берілмеген. Ведомство тек қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету функциясын орындайды.

    Бұған дейін Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова түлектер кештері тек білім беру ұйымдарының аумағында өтуі тиіс екенін және сыртқы орындарда іс-шара ұйымдастыруға, сондай-ақ ақша жинауға тыйым салынғанын айтқан еді.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Рақымшылық: бұғатталған шоттар «ашылып», қазақстандықтар жеке сот орындаушының ақысын төлеуден босайды

    Келесі жазба

    Кипр президенті Тоқаевпен кездесу үшін Астанаға ашылған тікелей рейспен бірінші болып ұшып келді

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Марал Төлепберген Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

    Қазақстанда түсірілген Джеки Чан фильміне мамандар жеңілдетілген несие алған

    Астанада ҰҚК «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларын ұстады

    Қаскелеңде ер адам мектеп терезесін шағып, ғимаратқа заңсыз кірген

    Ақтауда мектептегі жанжал: директордың әйелі сот алдында жауап береді

    Бүлдіршіндерді ұрған тәрбиешілер сотталды: сот қандай шешім шығарды?

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 444.3 ₸
    EUR EUR 490.91 ₸
    RUB RUB 5.41 ₸

    © 2025 TauNews