16 Қараша 2026, Дүйсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 444.3 ₸
    EUR EUR 490.91 ₸
    RUB RUB 5.41 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Рақымшылық: бұғатталған шоттар «ашылып», қазақстандықтар жеке сот орындаушының ақысын төлеуден босайды

    3 Маусым, 2026
    Рақымшылық: бұғатталған шоттар «ашылып», қазақстандықтар жеке сот орындаушының ақысын төлеуден босайды

    Фотоколлаж: ЖИ арқылы жасалған, Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

    Бүгін Мәжіліс  «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдауға байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасын және оған ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Депутат, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Қайрат Балабиев заңдағы бірқатар түзетулерді түсіндіріп өтті.

    Ол есепшоты бұғатталған қазақстандықтардың бұғаты қалай шешілетінін және кімдер жеке сот орындаушылардың ақысын төлеуден босайтынын айтып берді.

    «Заң жобаларының мақсаты гуманизм қағидаты негізінде қылмыстық саясатты ізгілендіру және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдауға байланысты әкімшілік рақымшылық жасау шеңберінде халықтың борыштық жүктемесін азайту. Сонымен қатар, Әкімшілік рақымшылық қолданылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде уәкілетті орган (лауазымды тұлға) салған әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын тоқтату тәртібін регламенттейтін нормалар көзделетінін атап өткім келеді», – деп хабарлады депутат.

    Яғни, оның айтуынша, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында рақымшылық жасау актісі қолданылған жағдайда айыппұлға алған адамдардың ісі тоқтайды.  Яғни, депутаттың айтуынша, дәл осы арқылы қазақстандықтардың есепшоттары бұғаттан шешіледі және тыйымдар алынады.

    «Бұл нормалар азаматтарға сот орындаушысына жүгінбестен мүліктен және банктік шоттардан шектеу шараларын алып тастауға мүмкіндік береді. Рақымшылық актісі негізінде атқарушылық іс жүргізу тоқтаған жағдайда, азаматтар атқарушылық санкцияларды төлеу және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу қосымша шығыстардан босайды», – деп түсіндірді Балабиев.

    Осылайша, бұл нормалар процедураны жеңілдетіп қана қоймайды, сонымен қатар халыққа қаржылық жүктемені азайтады, деп сендірді депутат.

    Жалпы, оның айтуынша, осы түзетулер:

    • рақымшылыққа жатпайтын адамдарды ұстау жағдайларын жақсарту;
    • материалдық-тұрмыстық және медициналық-санитарлық жағдайларды жетілдіру;
    • босаған бюджет қаражатын қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға және жазаларды орындаудың халықаралық стандарттарын енгізу мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

    «Құрметті әріптестер, біздің құқықтық жүйеміздегі рақымшылық тек құқықтық механизм ғана емес, сонымен қатар маңызды профилактикалық құрал екенін атап өткім келеді. Бұл құқық бұзудың алдын алуға мүмкіндік береді. Өз қателіктерін түсініп, түзету мүмкіндігіне ие бола отырып, адам қылмысты қайталамауға бейім болады. Сонымен қатар, рақымшылық — бұл мемлекеттің әлсіздігінің көрінісі емес, заңның жазалауы ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік әділеттілікті сақтау, ескерту және қалпына келтіру қабілетіне сенімді мемлекет күшінің көрінісі. Бүгін қаралатын заң жобалары Конституциялық реформалар рухына, әділ Қазақстанды құру міндеттеріне және азаматтарымыздың мүдделеріне сәйкес келеді», – деді пікірін айтқан депутат.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: жол апатына кінәлі кәсіпкер рақымшылыққа ілініп кетуі мүмкін бе

    Келесі жазба

    Мектеп бітіру кешін дүркіретіп өткізгендер жазаланбайды: ІІМ Оқу-ағарту министрлігінің тыйымына жауап берді

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Марал Төлепберген Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

    Қазақстанда түсірілген Джеки Чан фильміне мамандар жеңілдетілген несие алған

    Астанада ҰҚК «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларын ұстады

    Қаскелеңде ер адам мектеп терезесін шағып, ғимаратқа заңсыз кірген

    Ақтауда мектептегі жанжал: директордың әйелі сот алдында жауап береді

    Бүлдіршіндерді ұрған тәрбиешілер сотталды: сот қандай шешім шығарды?

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 444.3 ₸
    EUR EUR 490.91 ₸
    RUB RUB 5.41 ₸

    © 2025 TauNews