Қарағанды облысында өгей қыздарына сексуалдық зорлық-зомбылық көрсеткен педофил сотталды. Жәбірленушілердің үлкені он төрт, кішісі он бір жаста. Азғын келіншегі жұмыста жүргенде қыздарын қорлаған. Қылмысы ашылғанда қорғаушысы арқылы жәбірленушіге ауызбастырық бермек болады. Бірақ, адвокат қылмыс үстінде тұтқындалып, 2 жылға сотталды. Ал, педофил қапасқа өмір бойына қамалды. Бұған дейін ол «Таблиғи жамағат» діни экстремистік ұйымының астыртын идеологиясын жүргізгені үшін де істі болған.