4 Қыркүйек 2026, Жұма
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 456.56 ₸
    EUR EUR 530.52 ₸
    RUB RUB 5.28 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеге жетті

    2 Қыркүйек, 2026
    Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеге жетті

    Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

    Қазақстанда 2026 жылдың екінші тоқсанында қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 486 388 теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,4%-ға жоғары. Алайда инфляцияны ескергендегі нақты жалақы 1,8%-ға төмендеген. Мұндай деректерді Ұлттық статистика бюросы жариялады.

    Сәуір-маусым айларындағы медианалық жалақы 348 415 теңге болды. Ал 2026 жылдың алғашқы үш айымен салыстырғанда орташа айлық табыс 5,4%-ға өскен. Нақты жалақы бойынша тоқсандық өсім 3%-ды құрады.

    Қай өңірлерде жалақы жылдам өсті?

    2025 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда орташа жалақының ең жоғары өсімі бірнеше өңірде тіркелді.

    Ақмола облысында көрсеткіш 10,7%-ға, Абай облысында 10,6%-ға, ал Алматы қаласында 10,2%-ға артқан. Солтүстік Қазақстан облысында өсім 9,5% болса, Павлодар облысы мен Шымкентте бұл көрсеткіш 9,4%-ды құрады.

    Қай салаларда жалақы көбірек өсті?

    Жалақының ең қарқынды өсуі ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында байқалды. Мұнда орташа айлық табыс бір жылда 17,5%-ға артқан.

    Құрылыс саласында өсім 16,9%, қаржы және сақтандыру қызметінде 16% болды.

    Өнеркәсіптегі орташа жалақы 11,4%-ға көбейді. Оның ішінде сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және жою бағыттарында табыс 14,7%-ға өскен. Электр энергиясы, газ, бу және ауаны баптау саласындағы өсім 13,6%-ды құрады.

    Ең баяу өсім білім беру саласында тіркелді – 3,2%. Өнер, ойын-сауық және демалыс бағыттарында жалақы 3,4%-ға, ал ақпарат және байланыс саласында 3,8%-ға артқан.

    Ең жоғары жалақы қай салада?

    Атаулы жалақы көлемі бойынша қаржы және сақтандыру саласы көш бастап тұр. Мұндағы орташа көрсеткіш ел бойынша орташа жалақыдан 2,3 есе жоғары.

    Тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді игеру саласында жалақы республикалық деңгейден шамамен екі есе көп. Ақпарат және байланыс саласындағы орташа табыс елдегі жалпы көрсеткіштен 1,7 есе жоғары болды.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Отардағы әскери гарнизон аумағында қоқыс жәшігінен жаңа туған нәресте табылды

    Келесі жазба

    Қазақстандық спортшы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қола медаль жеңіп алды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Көкпардан шешуші кездесу: Қазақстан Қырғызстанмен финалда ойнайды

    Алматыда жаяу жүргіншілердің алдында дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды

    «Дуасын қайтарып береміз»: Қазақстанда алаяқтар жаңа тәсілге көшті

    Түркістан облысында ер адам 25 жыл бірге тұрған әйелін пышақтап өлтірді

    Қапшағайда гидроцикл адам қағып, әйел мен жасөспірім жарақат алды

    Астанада екі қабатты үйден алапат өрт шықты

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 456.56 ₸
    EUR EUR 530.52 ₸
    RUB RUB 5.28 ₸

    © 2025 TauNews