10 Қазан 2026, Сенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 453.93 ₸
    EUR EUR 508.72 ₸
    RUB RUB 5.35 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Қазақстанда жылу маусымы: қай өңірлерде 1 қазанға дейін жылу беріле бастайды

    22 Қыркүйек, 2026
    Қазақстанда жылу маусымы: қай өңірлерде 1 қазанға дейін жылу беріле бастайды

    Фото: pixabay.com

    Қазақстанда жылыту маусымына дайындық: кей өңірлерде жылу беріле бастады

    Қазақстанда алдағы күз-қыс кезеңіне дайындық жұмыстары жалғасып жатыр. Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов елдегі энергетикалық нысандардың жағдайы, отын қоры және коммуналдық инфрақұрылымның дайындығы туралы баяндады.

    Биылғы жылыту маусымы Павлодар облысында 14 қыркүйекте басталды. Ал солтүстік және шығыс өңірлерде жылу беру жүйесін 1 қазанға дейін іске қосу жоспарланған. Нақты мерзім ауа райының қалыптасуына байланысты белгіленеді.

    Қысқы кезеңді тұрақты өткізу үшін энергетикалық нысандарда қажетті отын қоры жасақталған. Қазіргі таңда станцияларда 4,9 млн тонна көмір және 127 мың тонна мазут бар.

    Энергетикалық нысандардағы жөндеу жұмыстары да жалғасуда. Бүгінде төрт энергоблок, 30 қазандық және 19 турбина жөндеуден өткізілді. Сонымен қатар 17 мың шақырым электр желісін жаңғырту аяқталған. Тағы тоғыз қосалқы станциядағы жұмыстар соңғы кезеңге жетті.

    Жылу желілерінің республика бойынша дайындығы 97%-ды құрайды. Жоспарланған 377 шақырым желінің 366 шақырымы жөнделіп үлгерген.

    Қазір биліктің ерекше бақылауында Ұлытау, Абай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарындағы бірқатар нысан тұр.

    Сәтбаев қаласында жылу магистралін қайта жаңғырту аяқталып, желілерді шаю және қысыммен сынау жұмыстары жүргізілуде. Петропавлдағы жылу магистральдарының дайындығы 95%-ға жетті, жұмыстарды апта соңына дейін аяқтау көзделген.

    Степногорск қаласында жүйелердің дайындығы 76%-ды құрайды. Нысанды 25 қыркүйекке дейін пайдалануға беру жоспарланған. Ал Семейде үш жоба бойынша жұмыстардың орындалуы 70%-ға жетті. Қажетті сорғылар мен жылу алмастырғыштар 26 қыркүйекке дейін жеткізіледі деп күтілуде.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Терроризм – аса ауыр қылмыс

    Келесі жазба

    Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 28,47 трлн теңгеден асты

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Қазақстан мен Оман арасында екі жаңа әуе бағыты ашылады

    Автобуста қызға тиісіп, балағаттаған қазақстандық әкімшілік қамаққа алынды

    Қазақстанда бір апта ішінде пияз, қант және алма арзандады

    Павлодар облысында әлеуметтік желі арқылы танысқан ер адамға барған әйел далада адасып кеткен

    Елордада әскери авиация ұшып, жол қозғалысына шектеу қойылды

    Шымкентте 3,1 млрд теңгелік заңсыз онлайн-казино қызметі анықталды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 453.93 ₸
    EUR EUR 508.72 ₸
    RUB RUB 5.35 ₸

    © 2025 TauNews