Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының жалпы көлемі 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 28,47 трлн теңгеден асты. Бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 3,36 трлн теңгеге немесе 13,4%-ға өскен.
Жинақтың негізгі бөлігі міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан. 1 қыркүйекте бұл қаражаттың көлемі 26,37 трлн теңгеге жетіп, соңғы 12 айда 2,53 трлн теңгеге, яғни 10,6%-ға артқан.
Ал міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша жинақ 746,13 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш бір жылда 5%-ға өскен.
Ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақ көлемі де артқан. 2026 жылғы 1 қыркүйекте олардың мөлшері 10,43 млрд теңгеге жетіп, бір жыл ішінде 7,1%-ға көбейген.
Жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары бойынша жинақ 1 348,82 млрд теңгені құрады. Бұл жарналар салымшылардың шоттарына 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап түсіп келеді. Бір жыл ішінде осы бағыттағы жинақ көлемі шамамен 2,5 есеге артқан.
БЖЗҚ мәліметінше, зейнетақы жинақтарының көлемі жарналар мен инвестициялық табыс есебінен қалыптасады. 2026 жылдың алғашқы сегіз айында салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына 2 439,42 млрд теңге көлемінде жарна түскен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,9%-ға немесе 334,44 млрд теңгеге көп.
Ал жыл басынан бері салымшылардың шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс 1 198,09 млрд теңгеге жетті.
Қаңтар-тамыз айларында БЖЗҚ-дан барлық жарна түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударылған қаражаттың жалпы көлемі 1 242,35 млрд теңгені құрады.
Оның ішінде жасына байланысты төлемдер 196,23 млрд теңгеге жеткен. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін ай сайынғы төлемнің орташа мөлшері 39 008 теңге болды.
Бұдан бөлек, 2026 жылдың басынан 1 қыркүйекке дейін тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу мақсатында 462,75 млрд теңге көлемінде біржолғы зейнетақы төлемі жасалған.
Сондай-ақ мұрагерлік бойынша 70,61 млрд теңге, Қазақстаннан тұрақты тұруға кеткендерге 33,62 млрд теңге, мүгедектігі бар азаматтарға 2,32 млрд теңге және жерлеуге байланысты 6,33 млрд теңге төленген.
Ал сақтандыру ұйымдарына 470,49 млрд теңге аударылған.
USD