12 Қараша 2026, Бейсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 444.76 ₸
    EUR EUR 495.37 ₸
    RUB RUB 5.37 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Қазақстандықтарды алдап, шетелге бой тасалаған азамат Таиландта ұсталды

    6 Қараша, 2026
    Қазақстандықтарды алдап, шетелге бой тасалаған азамат Таиландта ұсталды

    Фото: Phuket Immigration

    Қазақстанға 560 млн теңге шығын келтірген күдікті Таиландта ұсталды

    Таиландтың Пхукет аралындағы Патонг қаласында Қазақстанның халықаралық іздеуінде жүрген 24 жастағы азамат ұсталды. Ол виза мерзімін 185 күннен астам уақытқа асырып, ел аумағында заңсыз жүрген.

    The Phuket News басылымының хабарлауынша, ер адамға жалған құжаттар дайындап, 20-дан астам жалған компания құрды деген күдік тағылған. Тергеу нұсқасына сәйкес, бұл ұйымдар ақша жылыстату және салық төлеуден жалтару мақсатында пайдаланылған.

    Аталған әрекеттердің салдарынан Қазақстанға 560 миллион 833 мың 701 теңге көлемінде материалдық залал келген.

    Пхукет иммиграциялық қызметінің мәліметінше, күдікті 3 қарашада Патонг қаласындағы жатақханалардың бірінен қолға түскен. Құқық қорғау органдары бөлмеге кірген кезде ер адам абдырап, жасырынатын орын іздеген.

    Ұстау операциясы Қазақстан елшілігі мен Интерполдың сұрауы негізінде ұйымдастырылған. Оған Пхукет иммиграциялық қызметінің мамандары және Провинциялық полицияның 8-өңіріндегі 3-тергеу бөлімі қатысқан.

    Тергеу деректеріне сүйенсек, Қазақстан азаматы Таиландқа 2026 жылғы 4 наурызда келген. Оның елде болу визасының мерзімі 2 мамырда аяқталған. Осыған байланысты оған көші-қон заңнамасын бұзды деген айып та тағылып отыр.

    Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

    Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ұсталған азаматты елге қайтару мәселесі қарастырылып жатқанын растады. Ведомствоның мәліметінше, оны Қазақстанға беру рәсімі уәкілетті органдармен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен пысықталуда.

    Таиландтың көші-қон қызметі халықаралық іздеуде жүрген және елде болу мерзімін бұзған шетел азаматтарын анықтау бойынша тексерулерді жалғастырып жатыр.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Атырауда оқушы қызды пышақтаған жасөспірім 15 жылға сотталды: ата-анасына да шабуыл жасауды жоспарлаған

    Келесі жазба

    Сыни сүзгі сенімнен адастырмайды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Марал Төлепберген Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

    Қазақстанда түсірілген Джеки Чан фильміне мамандар жеңілдетілген несие алған

    Астанада ҰҚК «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларын ұстады

    Қаскелеңде ер адам мектеп терезесін шағып, ғимаратқа заңсыз кірген

    Ақтауда мектептегі жанжал: директордың әйелі сот алдында жауап береді

    Бүлдіршіндерді ұрған тәрбиешілер сотталды: сот қандай шешім шығарды?

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 444.76 ₸
    EUR EUR 495.37 ₸
    RUB RUB 5.37 ₸

    © 2025 TauNews