12 Қараша 2026, Бейсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 444.76 ₸
    EUR EUR 495.37 ₸
    RUB RUB 5.37 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Атырауда оқушы қызды пышақтаған жасөспірім 15 жылға сотталды: ата-анасына да шабуыл жасауды жоспарлаған

    6 Қараша, 2026
    Атырауда оқушы қызды пышақтаған жасөспірім 15 жылға сотталды: ата-анасына да шабуыл жасауды жоспарлаған

    Фото: istockphoto.com

    Атырауда 13 жастағы оқушы қызды пышақтаған жасөспірім 15 жылға сотталды

    Атырау қаласындағы Д. Қонаев атындағы BINOM мектебінде болған ауыр оқиғаға қатысты сот үкімі шықты. 13 жастағы қызға пышақпен шабуыл жасаған жасөспірім 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын кәмелетке толмағандарға арналған қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.

    Сот материалдарына сәйкес, жасөспірім шабуылды алдын ала жоспарлаған. Оның ниеті мен дайындық барысын анықтауға ұялы телефонындағы жазбалар, физика пәнінің дәптері және мектептегі бейнебақылау камераларының жазбалары көмектескен.

    Атап айтқанда, биыл 13 наурызда жасөспірім телефонына қоғамнан кек алғысы келетіні туралы жазба қалдырған. Ал физика дәптерінде өз ата-анасын өлтіру ниеті жөнінде жазғаны анықталған.

    Тергеу кезінде жасөспірім мектеп психологына сыныптастары тарапынан буллингке ұшырағанын айтқаны белгілі болды. Алайда оның соққыға жығылғанын растайтын дәлелдер табылмаған. Тек қатарластарының үстіне су шашқаны туралы мәлімет болған.

    Сонымен қатар жасөспірімнің терроризм, зорлық-зомбылық және озбырлық тақырыбындағы тыйым салынған материалдарға қызығушылық танытқаны анықталған.

    Сот отырысында айыпталушы дәлелдердің өзіне қатысы жоқ екенін айтып, шабуыл кезінде есі дұрыс болмағанын алға тартқан. Алайда сот-психиатриялық сараптамасы оның психикалық жағдайы қалыпты болғанын көрсетті. Мамандар қылмыс жасалған сәтте жасөспірім аффект жағдайында болмағанын және өз әрекеттерінің мәнін түсінгенін анықтаған.

    Сотта оқиғаның қалай өрбігені де егжей-тегжейлі қаралды. 13 наурыз күні шамамен сағат 12:30-да жасөспірім мектептен шығып, үйіне барған. Сол жерде ол бәкі, асүй пышағы, балға, BETA 1778MT құралы мен қайшыны қоса алғанда, бірнеше қауіпті затты жинаған.

    Сағат 16:56 шамасында ол қайтадан мектепке келіп, күзетшіге көзілдірігін ұмытып кеткенін айтқан. Осылайша ғимаратқа еш кедергісіз кірген. Күзет қызметкері оның сөмкесін тексермеген.

    Мектеп ішінде терезе маңында тұрған төрт оқушыны — үш қыз бен бір ұлды көрген. Кейін олардың бірін қуып жетіп, пышақпен бес рет жаралаған. 13 жастағы қыздың арқасы мен жұтқыншағы ауыр зақымданған.

    Сот материалдарында жәбірленушінің шабуыл жасаған жасөспіріммен бұрын таныс болмағаны және олардың арасында ешқандай жанжал болмағаны көрсетілген.

    Істің барлық мән-жайын зерттеген сот жасөспірімді кінәлі деп танып, 15 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Ол жазасын кәмелетке толмағандарға арналған қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    АҚШ-та өкпе обырын ерте анықтау технологиясын әзірлеген қазақ ғалымы қайтыс болды

    Келесі жазба

    Қазақстандықтарды алдап, шетелге бой тасалаған азамат Таиландта ұсталды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Марал Төлепберген Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

    Қазақстанда түсірілген Джеки Чан фильміне мамандар жеңілдетілген несие алған

    Астанада ҰҚК «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларын ұстады

    Қаскелеңде ер адам мектеп терезесін шағып, ғимаратқа заңсыз кірген

    Ақтауда мектептегі жанжал: директордың әйелі сот алдында жауап береді

    Бүлдіршіндерді ұрған тәрбиешілер сотталды: сот қандай шешім шығарды?

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 444.76 ₸
    EUR EUR 495.37 ₸
    RUB RUB 5.37 ₸

    © 2025 TauNews