Қостанайда «Тобыл» футбол клубының қорғаушысы Папа-Алиун Ндиайеге көршісі пышақпен шабуыл жасамақ болған.
Оқиға футболшы үйінен шығып бара жатқан кезде болған. Көршісімен арада жанжал туындап, сөзге келіспеушілік ұрысқа ұласқан. Сол сәтте қарсы тарап пышақ алып, футболшыға қарай ұмтылған. Абырой болғанда, шабуыл салдарынан ешкім зардап шекпеген.
Оқиғадан кейін Папа-Алиун Ндиайе Instagram Stories парақшасында жағдайының жақсы екенін хабарлады. Сондай-ақ ол жедел әрекет етіп, жағдайды бақылауға алған Қостанай полициясына алғысын білдірді.
Аталған оқиғаға қатысты Қостанай облысының Полиция департаменті де түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, жанжал кезінде ешкім жарақат алмаған. Ал құқық бұзушыға қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар соттың қарауына жолданған.
USD