22 Қараша 2026, Жексенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 455 ₸
    EUR EUR 498.77 ₸
    RUB RUB 5.56 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Алты жасында зорлық көрген: Павлодарда қылмыс ChatGPT арқылы әшкереленді

    5 Қараша, 2026
    Алты жасында зорлық көрген: Павлодарда қылмыс ChatGPT арқылы әшкереленді

    Фото: istockphoto.com

    Павлодарда қыздың ChatGPT-ге жазған хабары 20 жыл бұрын емес, бес жыл бұрын басталған ауыр қылмысты ашуға көмектесті

    Павлодар облысында алты жасынан бастап туыс қарындасын бірнеше рет зорлаған ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Қылмыстың әшкереленуіне жасөспірімнің ChatGPT жасанды интеллект құралына жазған хабары себеп болған.

    Сот материалдарына сәйкес, ер адам 2020 жылдан бастап кәмелетке толмаған қызға қатысты зорлық-зомбылық жасаған. Бала басынан өткен жағдайды ұзақ уақыт бойы ешкімге айтпай, ішіне сақтап келген.

    Арада бес жыл өткенде ер адам қызбен қайта байланысқа шығып, мазасын ала бастаған. Тіпті оған гитара сыйлауға уәде берген. Бұрынғы қорлықтың қайталануынан қорыққан жасөспірім көмек іздейді. Алайда ішкі сырын жақындарына айтуға батпай, ChatGPT-ге жүгінеді.

    Жасанды интеллект оған қолдау орталығына хабарласуға кеңес берген. Қыз орталық мамандарына жүгінгеннен кейін жағдай тиісті органдарға жеткізіліп, қылмыстық іс қозғалған. Осылайша, бірнеше жыл бойы жасырын қалған қылмыс әшкереленді.

    2026 жылғы 3 қарашада Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты істі қарап, ер адамды ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Ол өз кінәсін мойындамаған. Сот отырысы жабық режимде өтті.

    Сот үкімімен айыпталушы 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Сонымен қатар оған өмір бойына педагогикалық қызметпен айналысуға тыйым салынды.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    4,5 млрд теңге шығын: медициналық техниканы отандық өнім деп өткізген күдікті Грузиядан экстрадицияланды

    Келесі жазба

    Қостанайда футболшы көршісінің пышақ жарақатынан зардап шекті

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Ақмола облысында ер адамды жүк пойызы басып кетті

    «Халыққа жаны ашымайды»: Тоқаев Қазақстанға қандай адамдар керек емес екенін айтты

    Қазақстанда медицина қызметкерлерінің жалақысы өседі: психологтарға 300% үстемеақы ұсынылды

    Атырауда балалар көшеден қомақты ақша тауып алды: арасында доллар да бар

    Қостанайда екі әжені алдап, 23,5 млн теңге иемденген курьер алты жылға сотталды

    Алматыда нигериялық мұғалім қазақ тілін рэп арқылы меңгеріп жүр

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 455 ₸
    EUR EUR 498.77 ₸
    RUB RUB 5.56 ₸

    © 2025 TauNews