22 Қараша 2026, Жексенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 455 ₸
    EUR EUR 498.77 ₸
    RUB RUB 5.56 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    4,5 млрд теңге шығын: медициналық техниканы отандық өнім деп өткізген күдікті Грузиядан экстрадицияланды

    5 Қараша, 2026
    4,5 млрд теңге шығын: медициналық техниканы отандық өнім деп өткізген күдікті Грузиядан экстрадицияланды

    Фото: Бас прокуратура/Видеодан скрин

    4,5 млрд теңге шығын келтірген: медициналық техниканы отандық өнім ретінде өткізген күдікті Грузиядан экстрадицияланды

    Қазақстанда медициналық жабдықтарды шетелден әкеліп, отандық өнім ретінде мемлекеттік мекемелерге сатқан азамат Грузиядан елге қайтарылды. Тергеу мәліметінше, оның заңсыз әрекеттері салдарынан мемлекетке 4,5 млрд теңгеден астам залал келген.

    Бас прокуратураның мәліметінше, күдікті мемлекеттік сатып алуларға қатысу үшін заңсыз жолмен отандық тауар өндіруші мәртебесін иеленген. Ол мемлекеттік органдарға медициналық жабдықтардың Қазақстан аумағында өндірілетіні туралы жалған ақпарат ұсынған.

    Алайда іс жүзінде елімізде мұндай техника өндірілмеген. Жабдықтар шетелден бөлшектелген күйде жеткізіліп, кейін құрастырылған. Соған қарамастан, олар мемлекеттік медициналық ұйымдарға қазақстандық өнім ретінде ұсынылып, тендерлер арқылы сатылған.

    Осылайша, күдікті отандық өндірушілерге берілетін артықшылықтарды пайдаланып, мемлекеттік сатып алулардан пайда тапқан. Кейін қылмыстық қудалаудан жалтару мақсатында Қазақстаннан кетіп, Грузия аумағына жасырынған.

    Биыл наурыз айында ол Грузияда ұсталды. Бас прокуратураның сұрауы негізінде Бас прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстанның Грузиядағы елшілігінің көмегімен күдіктіні елге экстрадициялады.

    Қазіргі уақытта азамат тергеу изоляторына қамалды. Оған тағылған айыптар дәлелденген жағдайда, мүлкін тәркілеумен бірге 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

    Бас прокуратураның хабарлауынша, жыл басынан бері Грузиядан Қазақстанға іздеуде жүрген жеті адам экстрадицияланған. Олардың бесеуі ұрлық және өзге де мүліктік қылмыстарға байланысты іздеуде болған.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Ақтөбеде мас жүргізуші екі баланы қағып кетті: көлікке отырмас бұрын төрт бөтелке сыра ішкен

    Келесі жазба

    Алты жасында зорлық көрген: Павлодарда қылмыс ChatGPT арқылы әшкереленді

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Ақмола облысында ер адамды жүк пойызы басып кетті

    «Халыққа жаны ашымайды»: Тоқаев Қазақстанға қандай адамдар керек емес екенін айтты

    Қазақстанда медицина қызметкерлерінің жалақысы өседі: психологтарға 300% үстемеақы ұсынылды

    Атырауда балалар көшеден қомақты ақша тауып алды: арасында доллар да бар

    Қостанайда екі әжені алдап, 23,5 млн теңге иемденген курьер алты жылға сотталды

    Алматыда нигериялық мұғалім қазақ тілін рэп арқылы меңгеріп жүр

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 455 ₸
    EUR EUR 498.77 ₸
    RUB RUB 5.56 ₸

    © 2025 TauNews