22 Қараша 2026, Жексенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 455 ₸
    EUR EUR 498.77 ₸
    RUB RUB 5.56 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Ақтөбеде мас жүргізуші екі баланы қағып кетті: көлікке отырмас бұрын төрт бөтелке сыра ішкен

    5 Қараша, 2026
    Ақтөбеде мас жүргізуші екі баланы қағып кетті: көлікке отырмас бұрын төрт бөтелке сыра ішкен

    Фото: istockphoto.com

    Ақтөбеде төрт бөтелке сыра ішіп, көлікке отырған жүргізуші екі жасөспірімді қағып кеткен

    Ақтөбе қаласында мас күйінде көлік жүргізіп, екі жасөспірімді қағып кеткен азаматқа сот үкімі шықты. Жол-көлік оқиғасынан кейін жүргізуші зардап шеккендерге көмектеспестен, оқиға орнынан кетіп қалған.

    Сот материалдарына сәйкес, оқиға 2026 жылдың жазында «Дружба» ауданы маңында болған. Chevrolet Cobalt автокөлігін басқарған ер адам жол жиегінде тұрған екі жасөспірімді қағып кеткен. Соққы салдарынан олардың бірі ауыр жарақат алды.

    Дәрігерлер оған ашық бас-ми жарақаты, мидың ауыр дәрежедегі соғылуы, төбе сүйегінің сызықтық сынуы және пневмоцефалия диагнозын қойған.

    Сот отырысында ауыр жарақат алған баланың анасы ұлының денсаулығына алаңдаушылық білдірді. Оның сөзінше, алған жарақаттарының салдарынан жасөспірім болашақта эпилепсияға шалдығуы мүмкін. Осыған байланысты ол сотталушыдан 7 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы өндіруді сұрады.

    Ал екінші жасөспірімнің тобығы жарақаттанып, созылған. Ол екі апта бойы гипспен жүруге мәжбүр болған. Сотта куәлік берген бала жүргізушінің апаттан кейін оларды балағаттап, оқиға орнынан кетіп қалғанын айтты. Бұл жайтты тағы бір куәгер де растаған.

    Сотта айыпталушы өз кінәсін толық мойындады. Оның айтуынша, оқиға болған күні төрт бөтелке сыра ішкеннен кейін дүкенге тағы алкоголь сатып алуға шыққан. Сондай-ақ ол жасөспірімдер жолға өздері жүгіріп шыққанын айтып, оларды қағып кетпеуге тырысқанын жеткізді.

    Істі қараған сот ер адамды кінәлі деп таныды. Нәтижесінде оған 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, 10 жылға көлік басқару құқығынан айырылды.

    Бұдан бөлек, сотталған азамат ауыр жарақат алған жасөспірімге моральдық зиян үшін 3 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Қазақстанда газдан уланудан 294 адам көз жұмған: депутат қауіпсіздік мәселесін көтерді

    Келесі жазба

    4,5 млрд теңге шығын: медициналық техниканы отандық өнім деп өткізген күдікті Грузиядан экстрадицияланды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Ақмола облысында ер адамды жүк пойызы басып кетті

    «Халыққа жаны ашымайды»: Тоқаев Қазақстанға қандай адамдар керек емес екенін айтты

    Қазақстанда медицина қызметкерлерінің жалақысы өседі: психологтарға 300% үстемеақы ұсынылды

    Атырауда балалар көшеден қомақты ақша тауып алды: арасында доллар да бар

    Қостанайда екі әжені алдап, 23,5 млн теңге иемденген курьер алты жылға сотталды

    Алматыда нигериялық мұғалім қазақ тілін рэп арқылы меңгеріп жүр

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 455 ₸
    EUR EUR 498.77 ₸
    RUB RUB 5.56 ₸

    © 2025 TauNews