25 Қазан 2026, Жексенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 451.05 ₸
    EUR EUR 504.95 ₸
    RUB RUB 5.6 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Қызылордада 6,5 млрд теңгеге заманауи емхана салынады

    30 Шілде, 2026
    В Кызылорде ввели в эксплуатацию поликлинику, построенную на средства от возвращенных активов

    Фото: primeminister.kz

    Қызылордада қайтарылған активтер есебінен 6,5 млрд теңгеге жаңа емхана салынады

    Үкімет заңсыз иемденілген активтерді мемлекет меншігіне қайтару және оларды әлеуметтік маңызы бар жобаларға бағыттау жөніндегі Президент тапсырмасын іске асыруды жалғастыруда. Осы мақсатта Арнаулы мемлекеттік қордан Қызылорда қаласында жаңа емхана салуға және оны заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге 6,5 млрд теңге бөлінді.

    Жаңа денсаулық сақтау нысаны қаланың теміржолдың арғы бөлігінде тұратын халыққа қызмет көрсетеді. Қазір бұл аумақта тұрғындарға 1966 жылы салынған, әбден тозығы жеткен ғимараттағы емхана қызмет көрсетіп келеді. Жаңа нысан іске қосылғаннан кейін бір ауысымда 400 адамға дейін қабылдап, 35 мыңнан астам тұрғынға алғашқы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

    Жоба аясында емханада ересектер мен балалар бөлімшелері, жалпы тәжірибелік дәрігерлер кабинеттері, әйелдер консультациясы, күндізгі стационар және сүзгі-бокстар жұмыс істейді. Сонымен қатар диагностикалық және оңалту бөлімдері, стоматология кабинеттері, зертхана мен орталық зарарсыздандыру бөлімшесі қарастырылған.

    Медициналық мекеме заманауи технологиялармен жабдықталады. Оның ішінде компьютерлік томограф, ультрадыбыстық зерттеу аппараттары, рентген құрылғылары және басқа да жоғары технологиялық медициналық жабдықтар орнатылады.

    Қазіргі уақытта құрылыс алаңында шатыр плиталарын бетондау және бірінші қабаттың ішкі қабырғаларын қалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылысты осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

    Жалпы, 2024–2026 жылдары Арнаулы мемлекеттік қор есебінен еліміз бойынша 610 млрд теңгеге 500-ден астам әлеуметтік маңызы бар жоба қаржыландырылды. Оның ішінде денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған жалпы құны 170 млрд теңгеден асатын 191 жоба жүзеге асырылып жатыр.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Статистика: Қазақстандықтар ет пен сүтті бұрынғыдан көп тұтына бастады

    Келесі жазба

    Қостанайдағы адам шошырлық қылмыс: әйелін өлтірген азамат сот алдында жауап берді

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын жеке басқарушы компанияларға аударып жатыр: сома 100 млрд теңгеден асты

    «Ұлттық қор – балаларға»: 7 миллионнан астам баланың шотына 2,5 млрд доллар аударылды

    Астанада Есіл өзенінің сағасы бір түнде тартылып қалды: жағалауды шағалалар басып кетті

    Астанада Есілдің құрғаған табанынан ноутбук пен пеш табылды

    Түркістан облысында дәрігерлер бір жастағы баланың өңешінен сырға алып шықты

    Ақмола облысында 77 жылқы ұрлады деген күдікпен әкесі мен ұлы ұсталды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 451.05 ₸
    EUR EUR 504.95 ₸
    RUB RUB 5.6 ₸

    © 2025 TauNews