31 Шілде 2026, Жұма
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 474.63 ₸
    EUR EUR 544.5 ₸
    RUB RUB 5.92 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Статистика: Қазақстандықтар ет пен сүтті бұрынғыдан көп тұтына бастады

    30 Шілде, 2026
    Статистика: Қазақстандықтар ет пен сүтті бұрынғыдан көп тұтына бастады

    Фото: istockphoto.com

    Қазақстанда 2026 жылдың бірінші тоқсанында негізгі азық-түлік өнімдерінің басым бөлігін тұтыну көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсті. Әсіресе сүт өнімдері, жұмыртқа, көкөніс, ет және балық тұтыну көрсеткіштері артқан. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлайды.

    Бюро мәліметінше, бұл деректер халықтың тұрмыс деңгейі бойынша үй шаруашылықтарына жүргізілген іріктемелі зерттеу нәтижесінде алынды.

    Орта есеппен бір тұрғынға тоқсан ішінде 20,7 кг ет және ет өнімдері тиесілі болды. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 20,6 кг болған. Сүт және сүт өнімдерін тұтыну 57,2 литрден 58,1 литрге, жұмыртқа 52 данадан 54 данаға, көкөніс 18,3 кг 18,7 кг, картоп 11,3 кг 11,4 кг. дейін өсті. Сондай-ақ балық пен теңіз өнімдерін тұтыну 3,5 кг-нан 3,6 кг-ға дейін артты.

    Сонымен қатар, бірқатар санаттар бойынша төмендеу байқалды. Атап айтқанда, жарма және дәнді дақылдар өнімдерін тұтыну 31 кг-нан 30,6 кг-ға дейін қысқарды. Майлар мен тоңмайларды тұтыну өзгеріссіз қалды. Жеміс, жидек пен жаңғақты тұтыну 17,5 кг-нан 17,4 кг-ға, қант, тосап және бал дытұтыну 10,8 кг-нан 10,3 кг-ға дейін азайды.

    «2026 жылдың I тоқсанында Қазақстанның бір тұрғыны орта есеппен 11,4 кг картоп, 6 кг бірінші сұрыпты ұннан дайындалған бидай наны, 6 кг сиыр еті, 4,8 кг алма, 4,6 кг құмшекер, 4,2 кг күріш, 3,1 литр айран, 2,6 кг макарон өнімдері, 2,4 литр шикі сүт, 2,1 кг жаңа немесе салқындатылған балық, 54 жұмыртқа және 0,3 кг қара шай тұтынған. 2026 жылдың I тоқсанында жан басына шаққандағы көкөніс тұтыну көлемі орта есеппен 18,7 кг болды. 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2,2% өсіп, 18,3 кг-нан 18,7 кг-ға жетті. Қала тұрғындары ауыл тұрғындарына қарағанда көкөністі көбірек тұтынған. Қалалық жерде орташа көрсеткіш бір адамға 19,3 кг болса, ауылдық жерде 17,6 кг болды. Көкөністі ең көп тұтыну Алматы қаласында тіркелді – жан басына шаққанда 23,2 кг. Одан кейін Жетісу облысы – 22,8 кг және Түркістан облысы – 21,4 кг. Ең төменгі көрсеткіштер Шығыс Қазақстан облысында – 16,5 кг, сондай-ақ Абай және Алматы облыстарында – әрқайсысында 16 кг болды», – делінген хабарламада.

    Ет және ет өнімдерін тұтынудың ең жоғары деңгейі Шығыс Қазақстан, Жетісу, Ақмола және Қарағанды облыстарында тіркелді. Ал ең төменгі көрсеткіш Түркістан облысында байқалды.

    Айта кетейік, азық-түлік өнімдерін тұтыну бойынша деректер тұрмыс деңгейі бойынша 12 000 үй шаруашылығын іріктеп зерттеу нәтижелері бойынша есептелген.

    Орташа жан басына шаққандағы негізгі тамақ өнімдерін тұтыну – қарастырылып отырған кезең ішінде үй шаруашылығының бір мүшесінің орташа тұтынған тамақ өнімдерінің (әрбір өнімнің түрі бойынша бөлек) саны. Ол азық-түлік тауарларының жекелеген түрлерін тұтынудың көлемін үй шаруашылығының бар мүшелерінің санына бөлу жолымен есептеледі. Ірілендірілген топтар бойынша тұтыну құрамдастарды бастапқы өнімге қайта есептеу есебімен анықталады.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    7 млн теңгеге дейін сертификат: қоныс аударушыларға тұрғын үй алуға қолдау көрсетіледі

    Келесі жазба

    Қызылордада 6,5 млрд теңгеге заманауи емхана салынады

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Пәкістан барлауы: Трамп Иранға әскери операция жоспарлап отыр

    Түркияның жаңа әуе компаниясы Қазақстанға рейстерін бастайды

    Қостанайдағы адам шошырлық қылмыс: әйелін өлтірген азамат сот алдында жауап берді

    Қызылордада 6,5 млрд теңгеге заманауи емхана салынады

    Статистика: Қазақстандықтар ет пен сүтті бұрынғыдан көп тұтына бастады

    7 млн теңгеге дейін сертификат: қоныс аударушыларға тұрғын үй алуға қолдау көрсетіледі

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 474.63 ₸
    EUR EUR 544.5 ₸
    RUB RUB 5.92 ₸

    © 2025 TauNews