9 Қыркүйек 2026, Сәрсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 454.46 ₸
    EUR EUR 527.72 ₸
    RUB RUB 5.25 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Қызылордада мұнай өңдеу зауытын өрт шарпыды

    8 Қыркүйек, 2026
    Қызылордада мұнай өңдеу зауытын өрт шарпыды

    Қызылорда қаласындағы мұнай өңдеу кәсіпорнының аумағында ірі өрт тіркелді. Тілсіз жау мұнай өнімдері сақталған екі резервуарды шарпыған.

    Төтенше жағдай Шоқай көшесінде орналасқан кәсіпорын аумағында болған. Құтқарушылардың мәліметінше, жалын әрқайсысының сыйымдылығы 60 тонна болатын екі резервуарға тараған. Оларда жалпы көлемі шамамен 120 тонна мұнай өнімі болған.

    Өрт сөндіру қызметінің алғашқы жасағы оқиға орнына келген кезде екі резервуар да жалынға оранған. Сонымен қатар олардың маңында тағы үш резервуар орналасқан. Егер өрт дер кезінде ауыздықталмаса, тілсіз жаудың сол нысандарға да тарау қаупі болған.

    Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің күштерімен қатар қалалық жедел қызметтер мен өрт сөндіру пойызы тартылды. Құтқару жұмыстарына жедел штаб жетекшілік етті.

    Мамандар өрт ошағына жақын тұрған резервуарларды қызып кетуден қорғау үшін лафеттік оқпандар арқылы үздіксіз салқындатқан. Жалынды сөндіру барысында арнайы көбік қолданылды.

    Құтқарушылардың жедел және үйлесімді жұмысының нәтижесінде өрттің көршілес нысандарға таралуына жол берілмеді. Осылайша маңайдағы тағы үш резервуар сақталып қалды.

    Төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Өрт жалпы 200 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді.

    Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Алматы облысында жол апатынан әйел көлікте қысылып қалды

    Келесі жазба

    Петропавлда бұрын ауыр қылмыс жасаған ер адам әйелге шабуыл жасады

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Құрылыс алаңындағы қайғылы жағдай: Көкшетауда 19 жастағы жігіт мерт болды

    Арыс трагедиясы: мас күйінде адам қаққан мұғалім 9 жылға бас бостандығынан айырылды

    Зерттеу: Қазақстанда ата-аналардың бала оқуына араласуы азайған

    Оралда танысын өлтірген ер адам сотта өзін қорғағанын мәлімдеді

    Ұшақ бортында темекі шеккен шетелдік жолаушы жауапқа тартылды

    Бір қап гашиш: Талдықорғанда ер адам қамауға алынды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 454.46 ₸
    EUR EUR 527.72 ₸
    RUB RUB 5.25 ₸

    © 2025 TauNews