26 Қазан 2026, Дүйсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 451.05 ₸
    EUR EUR 504.95 ₸
    RUB RUB 5.6 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Шекарада 70 мың долларды жасырған жолаушы ұсталды

    11 Тамыз, 2026
    Шекарада 70 мың долларды жасырған жолаушы ұсталды

    Фото: ҰҚК

    Қазақстаннан 645 млн теңгеден астам декларацияланбаған валюта алып шығу әрекеті анықталды

    Қазақстан шекарасында соңғы он күн ішінде елден декларациясыз қолма-қол ақша алып шығуға қатысты 70 дерек тіркелді. ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, анықталған валютаның жалпы көлемі 645 млн теңгеден асады.

    Мұндай заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында шекара қызметі өткізу бекеттеріндегі бақылауды тұрақты түрде жүргізіп келеді. Биыл 1-10 тамыз аралығында жүргізілген тексерулер кезінде декларацияланбаған ірі көлемдегі ақшаға қатысты ондаған жағдай анықталған.

    Солардың бірі Жамбыл облысындағы «Қордай» автомобиль өткізу пунктінде тіркелді. Шекаралық бақылау кезінде шетел азаматының киімінің астына жасырылған 70 мың АҚШ доллары табылған. Бұл қаражаттың теңгедегі баламасы шамамен 32,55 млн теңгені құрайды.

    Аталған фактілер бойынша жиналған материалдар әрі қарай тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданды.

    Шекара қызметі қолма-қол ақшаны шетелге алып шығуға қатысты талаптарды сақтаудың маңызын еске салды. Қолданыстағы тәртіпке сәйкес, Қазақстан аумағынан 10 мың АҚШ долларынан асатын қолма-қол ақша белгіленген талаптар сақталмайынша алып шығуға жатпайды.

    ҰҚК азаматтарды шекарадан өту кезінде валютаны декларациялау тәртібін сақтауға және қолма-қол қаражатты тасымалдау бойынша заң талаптарын алдын ала ескеруге шақырды.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Қазақстан жолдарында дрондар іске қосылды: жол ережесін бұзғандар анықталады

    Келесі жазба

    Қостанайда адам ұрып ақша бопсалаған ер адам сотталды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын жеке басқарушы компанияларға аударып жатыр: сома 100 млрд теңгеден асты

    «Ұлттық қор – балаларға»: 7 миллионнан астам баланың шотына 2,5 млрд доллар аударылды

    Астанада Есіл өзенінің сағасы бір түнде тартылып қалды: жағалауды шағалалар басып кетті

    Астанада Есілдің құрғаған табанынан ноутбук пен пеш табылды

    Түркістан облысында дәрігерлер бір жастағы баланың өңешінен сырға алып шықты

    Ақмола облысында 77 жылқы ұрлады деген күдікпен әкесі мен ұлы ұсталды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 451.05 ₸
    EUR EUR 504.95 ₸
    RUB RUB 5.6 ₸

    © 2025 TauNews