26 Қазан 2026, Дүйсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 451.05 ₸
    EUR EUR 504.95 ₸
    RUB RUB 5.6 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Қостанайда адам ұрып ақша бопсалаған ер адам сотталды

    11 Тамыз, 2026
    Қостанайда адам ұрып ақша бопсалаған ер адам сотталды

    Фото: pixabay.com

    Қостанайда адамды ақша үшін ұрып-соғуды «кәсіпке» айналдырған ер адам сотталды

    Қостанайда адамдарға күш көрсетіп, одан ақша табуды жолға қойған ер адам төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Ол Telegram арқылы тапсырыс қабылдап, клиенттердің сұрауы бойынша адамдарды қорқытып немесе ұрып-соғу қызметін ұсынған.

    Сот материалдарына сәйкес, сотталған азамат жекпе-жек өнерінен алған тәжірибесін заңсыз табыс көзіне айналдырған. Ол мессенджерде адамдарға күш көрсету бойынша қызмет ұсынатыны туралы хабарландыру орналастырған. Тапсырыс берушілерден бір адамды қорқыту немесе ұрып-соғу үшін 100-200 доллар көлемінде ақы алған.

    Наурыз айының соңында оған Telegram арқылы кезекті тапсырыс түскен. Тапсырыс беруші Қостанай тұрғыны К. есімді азаматты тауып, оны «жазалауды» сұраған. Ақшаға келіскен ер адам жәбірленушіні анықтап, бірнеше сыбайласымен бірге оған шабуыл жасаған.

    Шабуыл кезінде ер адамды қолдарымен және аяқтарымен басынан әрі денесінен бірнеше рет ұрған.

    Осы факті бойынша оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 110-бабы — пайдакүнемдік ниетпен және жалдау арқылы азаптау бойынша айып тағылды.

    Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындаған. Ол бас бостандығынан айыру жазасын тағайындамауды сұрап, жеңілірек жаза қолдануды өтінген. Жәбірленуші де сотта сотталушыға материалдық немесе өзге де талап-арызы жоқ екенін мәлімдеген.

    Дегенмен сот істің барлық мән-жайын және жасалған қылмыстың ауырлығын ескере отырып, бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

    Нәтижесінде ер адам орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде төрт жыл жазасын өтейтін болды.

    Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ. Тараптардың апелляциялық тәртіппен шағым беруге құқығы бар.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Шекарада 70 мың долларды жасырған жолаушы ұсталды

    Келесі жазба

    Қазақстанда баспаналы болатындар саны үш есе артады – Отбасы банкі

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын жеке басқарушы компанияларға аударып жатыр: сома 100 млрд теңгеден асты

    «Ұлттық қор – балаларға»: 7 миллионнан астам баланың шотына 2,5 млрд доллар аударылды

    Астанада Есіл өзенінің сағасы бір түнде тартылып қалды: жағалауды шағалалар басып кетті

    Астанада Есілдің құрғаған табанынан ноутбук пен пеш табылды

    Түркістан облысында дәрігерлер бір жастағы баланың өңешінен сырға алып шықты

    Ақмола облысында 77 жылқы ұрлады деген күдікпен әкесі мен ұлы ұсталды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 451.05 ₸
    EUR EUR 504.95 ₸
    RUB RUB 5.6 ₸

    © 2025 TauNews