3 Мамыр 2026, Жексенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Тарихтағы ең ірі келісім: АҚШ Қазақстанға 300 локомотив жасап береді

    23 Қыркүйек, 2025
    Тарихтағы ең ірі келісім: АҚШ Қазақстанға 300 локомотив жасап береді

    Фото: @howardlutnick

    АҚШ пен Қазақстан дүйсенбі күні 4,2 млрд доллар көлемінде локомотив жеткізу туралы келісімге қол қойды. Пенсильванияда орналасқан Wabtec компаниясы алдағы он жыл ішінде Қазақстанның ұлттық теміржол компаниясы – «Қазақстан Темір Жолы» (ҚТЖ) үшін Evolution Series ES44Aci сериясындағы 300 ауыр локомотив жинағын өндіреді. Бұл туралы  АҚШ Сауда министрлігі хабарлады.

    АҚШ Президенті Дональд Трамп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлескеннен кейін келісім туралы айтты.

    «Тарихтағы ең ірі теміржол жабдықтарын жеткізу келісіміне қол қойылды, ол құны 4 млрд доллар тұратын АҚШ-та жасалған локомотивтер мен теміржол техникасы. АҚШ-тың теміржол саласын қолдауымыз қажет. Ол жылдар бойы жалған экобелсенділердің шабуылына ұшырап келді. Президент Тоқаевты бұл керемет мәмілемен құттықтаймын», – деп жазды Трамп Truth Social парақшасында.

    АҚШ Сауда министрі Ховард Лютник мұны «локомотивтер бойынша тарихтағы ең ірі келісім» деп атап, оны «елдің ең маңызды салаларының біріне қуатты серпін беретінін» айтты.

    «Мәміле Техас пен Пенсильваниядағы мыңдаған жұмыс орнын сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл қадам АҚШ пен Қазақстан арасындағы әріптестікті жаңа деңгейге көтереді. Жеткізілетін локомотивтер Еуропа мен Азияны байланыстыратын көлік дәлізін дамытуға серпін беріп, Орта дәлізді нығайтады», – деді ол.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Қазақстанда құс еті қымбаттай ма – министр жауабы

    Келесі жазба

    ҰБТ әлі өзгермейді – Ғылым министрлігі мәлімдеме жасады

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Пентагон Ирандағы соғыс шығындары туралы алғашқы ресми есепті жариялады

    Ержан Бабақұмаровты өлтірген қылмыскер 11 жылға сотталды

    Алматыда келесі жылы жеңіл көліктерге қойылатын талаптар күшейеді

    Алматыда жігіттер 32 жасында, ал қыздар 29 жасында отбасын құрады – статистика

    Астанаға Ресейдің сыртқы істер министрі келді

    Ақмола облысындағы сүт кәсіпорнында жарылыс болып, екі адам оңбай күйіп қалды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸

    © 2025 TauNews