3 Мамыр 2026, Жексенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    ҰБТ әлі өзгермейді – Ғылым министрлігі мәлімдеме жасады

    23 Қыркүйек, 2025
    ҰБТ әлі өзгермейді – Ғылым министрлігі мәлімдеме жасады

    Фото: pixabay.com

    Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық бірыңғай тестілеудің мазмұны мен әдістемесін халықаралық стандарттарға сәйкестендіріп, ҰБТ-ны халықаралық тестке айналдыруды жоспарлап отыр. Бірақ, бұл өзгерістер дәл биыл немесе келесі жылы басталмайды.

    «ҰБТ-ны жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі. 2026 жылы оның форматына ешқандай өзгерістер енгізу жоспарланбаған. Бұл оқушылар мен ата-аналарға алдын ала ақпарат беріп, емтиханға дайындықты тұрақты форматта жүргізуге мүмкіндік беру үшін жасалып отыр», – деп хабарлады журналистерге министрліктің ресми өкілі.

    Жалпы, ҰБТ-ны халықаралық тестке айналдыру мәселесі Нью-Йоркте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Educational Testing Service (ETS) компаниясының басшылығымен өткен кездесуде талқыланған. Кездесу қорытындысы бойынша сұхбат берген ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, ETS мамандары Ұлттық бірыңғай тестілеудің мазмұны мен әдістемесін қайта қарастырып, сапалы сұрақтар әзірлеуге атсалысады.

    «Сексен жылдық тарихы бар, ең ірі тест жасайтын және тестологияны зерттейтін ғылыми орталық – атақты ETS, яғни Educational Testing Service компаниясымен кездесу өтті. Қазіргі таңда біздің ұлттық бірыңғай тестілеудің сапасын күрт өзгерту, мазмұнын толыққанды қарастыру жұмысы осы ең ірі ғылыми орталықпен бірлесіп атқарылады. Келесі айда үлкен зерттеушілер делегациясы Қазақстанға келеді. Осы жұмысты біз жүйелі түрде атқаратын боламыз», – деді Саясат Нұрбек.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Тарихтағы ең ірі келісім: АҚШ Қазақстанға 300 локомотив жасап береді

    Келесі жазба

    Павлодар-Қызылорда трассасында бес адам тірідей жанып кетті

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Пентагон Ирандағы соғыс шығындары туралы алғашқы ресми есепті жариялады

    Ержан Бабақұмаровты өлтірген қылмыскер 11 жылға сотталды

    Алматыда келесі жылы жеңіл көліктерге қойылатын талаптар күшейеді

    Алматыда жігіттер 32 жасында, ал қыздар 29 жасында отбасын құрады – статистика

    Астанаға Ресейдің сыртқы істер министрі келді

    Ақмола облысындағы сүт кәсіпорнында жарылыс болып, екі адам оңбай күйіп қалды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸

    © 2025 TauNews