3 Мамыр 2026, Жексенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Тоқаев мемлекетке қайтарылған барлық жерді бөліп беруді тапсырды

    8 Қыркүйек, 2025
    Тоқаев мемлекетке қайтарылған барлық жерді бөліп беруді тапсырды

    Фото: depositphotos.com

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңір әкімдеріне 2026 жылдың ортасына дейін мемлекетке қайтарылған жердің бәрін тұрақты айналымға енгізуді тапсырды.

    Президенттің айтуынша, жер – стратегиялық ресурс, оның бар игілігі елді дамытып, халықтың тұрмысын жақсартуға арналуы тиіс.

    «Мен игерілмей бос жатқан және заңсыз алынған ауыл шаруашылығы жерлерін кері қайтарып, оны қайта бөлу туралы тапсырма бердім. Жер иесіз қалмауы тиіс. Жерді тек қана оның қадірін білетін азаматтарға беру керек. 2022 жылдан бері жалпы аумағы 13,5 миллион гектардан астам жер қайтарылды. Бірақ әкімдер соның 6 млн гектарын ғана жаңа жер игерушілерге бөліп берген. Иесін тапқан жер өндірістің ошағына, инвестиция көзіне, қайнаған еңбектің ортасына айналуы қаджет. Бұл анық нәрсе. Сондықтан әкімдер қайтарылған жердің бәрін келесі жылдың ортасына дейін тұрақты айналымға енгізуі керек», – деді Тоқаев Жолдауында.

    Оның пікірінше, бұл шара арқылы жайылым тапшылығы мәселесі де шешілуге тиіс.

    Сонымен қатар президент жер қатынастарына қатысты заңсыздық пен қағазбастылықты жоюды тапсырды.

    «Ол үшін ауыл шаруашылығы жерлерін беру тәсілдерін түбегейлі өзгерту қажет. Осыған орай жерді бөлуге қатысты шешім цифрлық форматта, электронды конкурстар арқылы қабылдануға тиіс. Үкімет жыл соңына дейін заңнамаға тиісті өзгертулер ұсынуы қажет», – деді мемлекет басшысы.

    Таңбалар: Қасым-Жомарт Тоқаев
    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Кейбір көпбалалы отбасылардың балалары балабақшада тегін тамақтанбайды

    Келесі жазба

    Биыл «Достық-Мойынты» теміржолының екінші желісі іске қосылады

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Пентагон Ирандағы соғыс шығындары туралы алғашқы ресми есепті жариялады

    Ержан Бабақұмаровты өлтірген қылмыскер 11 жылға сотталды

    Алматыда келесі жылы жеңіл көліктерге қойылатын талаптар күшейеді

    Алматыда жігіттер 32 жасында, ал қыздар 29 жасында отбасын құрады – статистика

    Астанаға Ресейдің сыртқы істер министрі келді

    Ақмола облысындағы сүт кәсіпорнында жарылыс болып, екі адам оңбай күйіп қалды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸

    © 2025 TauNews