4 Мамыр 2026, Дүйсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Жалғыздықтан жылына 870 мың адам көз жұмады – ДДСҰ баяндамасы

    2 Шілде, 2025
    Жалғыздықтан жылына 870 мың адам көз жұмады – ДДСҰ баяндамасы

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) арнайы комиссиясының баяндамасына сәйкес, жер бетінде әр алтыншы адам жалғыздықтан жапа шегеді.

    Сарапшылардың есебінше, жалғыздықпен байланысты себептерден сағатына шамамен 100 адам қайтыс болады, ал бұл ­– жылына 871 мыңнан астам өлім деген сөз.

    ДДСҰ-ның әлеуметтік байланыстар жөніндегі комиссиясының тең төрағасы, АҚШ-тың бұрынғы бас санитар дәрігері Вивек Мёрти бұл есепте жалғыздық пен әлеуметтік оқшаулану алғаш рет қазіргі заманның нақты әлеуметтік мәселесі ретінде қарастырылып отырғанын атап өтті.

    ДДСҰ-ның анықтамасына сәйкес:

    Жалғыздық – бұл адамның қалаған қарым-қатынасы мен шынайы араласу деңгейінің арасындағы алшақтықтан туындайтын ауыр психологиялық күй.

    Әлеуметтік оқшаулану – шынайы қарым-қатынас пен әлеуметтік байланыстардың жетіспеушілігі.

    Ал ДДСҰ бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус былай деді:

    Қарым-қатынас жасауға шексіз мүмкіндік бар заманда адамдар бұрынғыдан да жиі жалғыздық пен оқшаулануға тап болуда. Жалғыздық – адамның, отбасының және қоғамның саулығына қауіпті. Егер бұл мәселені елемей, шара қолданбасақ, оның салдары денсаулық сақтау, білім беру және еңбек салаларына миллиардтаған шығын алып келеді.

    Жалғыздық кез келген жастағы адамға тән, бірақ ол көбіне жастар мен табысы төмен және орта деңгейдегі елдердің тұрғындары арасында жиі кездеседі. Мысалы, 13 пен 29 жас аралығындағы жастардың 17-21%-ы өздерін жалғыз сезінетінін мойындаған. Ал табысы төмен елдерде бұл көрсеткіш 24%-ға дейін жетеді, бұл – табысы жоғары елдермен салыстырғанда екі есе көп (шамамен 11%).

    Комиссияның тең төрағасы, Африка одағы төрағасының кеңесшісі Чидо Мпемба:

    Көптеген жастар цифрлық технологиялар заманында да жалғыздықты сезінеді. Технологиялар өмірімізді өзгертіп жатыр, бірақ олар адамзат арасындағы байланысты әлсіретпей, керісінше, күшейтуі тиіс, – деді.

    Жалғыздық пен оқшауланудың себептері әртүрлі: денсаулық жағдайы, табыстың аздығы, білім деңгейі, жалғыз тұру, әлеуметтік инфрақұрылымның дамымағандығы, мемлекеттік саясаттың әлсіздігі, сондай-ақ цифрлық ортадағы кейбір мәселелер.

    ДДСҰ деректеріне сәйкес, жалғыздық пен оқшаулану инсульт, қант диабеті, жүрек-қан тамыр аурулары, депрессия және өз-өзіне қол жұмсау қаупін арттырады. Жалғыз қалған жасөспірімдер оқу үлгерімінің төмендігінен зардап шексе, ересектер үшін жұмыс табу қиындайды. Ал бұл өз кезегінде қоғам үшін де ауыр экономикалық салдарға әкеледі – еңбек өнімділігі төмендейді, медицинаға кететін шығындар артады.

    Не істеу керек?

    ДДСҰ үкіметтерді халықты біріктіретін қоғамдық кеңістіктерді – саябақтар, кітапханалар, дәмханаларды дамытуға шақырады. Сонымен қатар адамдарға жиі туыстарын, достарын еске алып, әлеуметтік клубтар мен волонтерлік ұйымдарға қосылуға кеңес береді. Тіпті досыңмен немесе танысыңмен кездескенде телефонды шетке қою, көршімен амандасу секілді қарапайым әрекеттердің өзі жалғыздықтың алдын алуға көмектеседі.

    ДДСҰ бұл қарапайым қадамдардың өзімен жалғыздық дағдарысының ауқымын азайтуға болатынын ерекше атап өтті.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Көлік полицейлері көпірден секірмек болған жігітті аман алып қалды

    Келесі жазба

    Рақымшылықпен босатылған алғашқы қазақстандық жайлы не белгілі?

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Пентагон Ирандағы соғыс шығындары туралы алғашқы ресми есепті жариялады

    Ержан Бабақұмаровты өлтірген қылмыскер 11 жылға сотталды

    Алматыда келесі жылы жеңіл көліктерге қойылатын талаптар күшейеді

    Алматыда жігіттер 32 жасында, ал қыздар 29 жасында отбасын құрады – статистика

    Астанаға Ресейдің сыртқы істер министрі келді

    Ақмола облысындағы сүт кәсіпорнында жарылыс болып, екі адам оңбай күйіп қалды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸

    © 2025 TauNews