Шымкентте 23 жыл бұрын жасалған есірткі қылмысына қатысты сот үкімі шықты. Сот ер адамды аса ірі көлемдегі героинді заңсыз тасымалдауға қатысы бар деп танып, 13 жылға бас бостандығынан айырды.
Іс материалдарына сәйкес, 2003 жылы сотталған ер адам халықаралық есірткі тобының тапсырмасымен героинді Шымкенттен Ақтөбеге жеткізуге әрекет жасаған. 22 қарашада оның көлігі Арал маңындағы тасжолда тоқтатылып, жанармай багынан 35 пакет табылған. Сараптама олардың құрамында жалпы салмағы 34 келіден асатын героин барын анықтаған.
Оқиғадан кейін ер адам халықаралық іздеуге жарияланған. Ол 2024 жылы Ресейде ұсталып, келесі жылы Қазақстанға экстрадицияланған.
Сотта айыпталушы кінәсін мойындамаған. Алайда оның кінәсі куәгерлердің көрсетулері, аудиожазбалар, сараптама қорытындылары және басқа да дәлелдермен расталған.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
USD