Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық Соттың 10 судьясын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.
Олардың кандидатураларын бүгін Құрылтай депутаттары мақұлдаған болатын. Осыдан кейін Мемлекет басшысы тиісті шешім қабылдады.
Конституциялық Соттың жаңа судьялары болып Сәкен Абдолла, Лейла Жақаева, Қайрат Жақыпбаев, Айжан Жатқанбаева, Айгүл Қыдырбаева, Қанат Мусин, Бақыт Нұрмұханов, Сергей Скрябин, Аслан Тукиев және Сергей Ударцев тағайындалды.
Тиісті Жарлық Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
USD