Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстанның сыртқы және мемлекеттік қарызына қатысты түсініктеме берді.
Министрдің айтуынша, Үкіметтің сыртқы қарызы 8,4 трлн теңгені құрайды. Бұл елдің жалпы ішкі өнімінің шамамен 4,5 пайызына тең. Жұманғарин қарыз көлемі халықаралық көрсеткіштермен салыстырғанда төмен екенін атап өтті.
2026 жылғы 1 шілдедегі мәлімет бойынша Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,5 трлн теңге болған. Оның ЖІӨ-дегі үлесі 20,9 пайызды құрайды. Ал Үкімет қарызының көрсеткіші – 20 пайыз.
Министрдің сөзінше, бұл көрсеткіштер белгіленген 32 пайыздық шектен төмен. Ол Қазақстанның мемлекеттік қарызы бақылауда екенін айтты.
USD