Қазақстан жолдарындағы автоматты салмақ және габарит бақылау жүйелерінің басым бөлігі толыққанды жұмыс істемей тұр. Бұл мәселені Құрылтай депутаты Екатерина Смышляева Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевқа жолдаған депутаттық сауалында көтерді.
Депутаттың мәліметінше, бүгінде елде 83 автоматтандырылған салмақ өлшеу жүйесі орнатылған. Алайда оның 42-сі Көлік министрлігінің ақпараттық жүйесіне дерек жібермейді. Ал жұмыс істеп тұрған 41 кешеннің тек 28-і әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізіліміне ақпарат жолдайды.
Смышляеваның айтуынша, бұған жол жамылғысының жағдайы, байланыс мәселелері, датчиктердің ақауы, техникалық қызмет көрсетудің жеткіліксіздігі және сертификаттардың мерзімі аяқталуы себеп болып отыр. Нәтижесінде жүйелердің шамамен 70 пайызы өз функциясын толық орындамайды.
Сонымен қатар 2028 жылдың соңына дейін тағы 141 кешен орнату жоспарланған. Бір жүйенің құны шамамен 200–300 млн теңге болады.
Депутат жаңа жабдықтарды сатып алмас бұрын қолданыстағы 83 жүйеге толық ревизия жүргізуді және олардың жұмысын қалпына келтіруді ұсынды. Сондай-ақ жүйені толық автоматтандырып, деректерді қолмен өзгерту мүмкіндігін барынша шектеуді талап етті.
USD