22 Қараша 2026, Жексенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 455 ₸
    EUR EUR 498.77 ₸
    RUB RUB 5.56 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    70 жылдық тарихы бар АҚШ телеарнасы басшылық қызметке қазақ азаматын тағайындады

    4 Қараша, 2026
    70 жылдық тарихы бар АҚШ телеарнасы басшылық қызметке қазақ азаматын тағайындады

    Фото: Instagram / @talgat.alman

    АҚШ-тағы танымал телеарна қазақ азаматына басшылық қызмет сеніп тапсырды

    АҚШ-та тұратын қазақстандық журналист Талғат Алман мансабында жаңа белеске көтерілді. Ол Буффалодағы ABC 7 телеарнасына Executive Reporter (аға тілші) қызметіне тағайындалды. Отандасымыз қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

    Жаңа лауазымында Талғат Алман жаңалықтар бөлімінің жұмысына жетекшілік етіп, журналистер мен продюсерлердің қызметін үйлестіреді. Сондай-ақ ақпараттық материалдардың сапасы мен жедел жариялануына жауап береді. Бұған қоса, ол репортаждар дайындап, зерттеу журналистикасы бағытындағы жұмысын жалғастырмақ.

    Журналист жаңа қызметке тағайындалуына байланысты өзіне сенім артқан телеарна басшылығына алғысын білдірді.

    «Телеарнадағы алғашқы басшылық қызметке кіріскенімді ерекше қуанышпен хабарлаймын. Жаңа міндетімді абыроймен атқарып, көрсетілген сенімді ақтау үшін бар күшімді саламын. Сәттілік тілеп қойыңыздар, достар», – деп жазды ол.

    Айта кетейік, Буффалодағы ABC 7 телеарнасы алғаш рет 1958 жылғы 30 қарашада эфирге шыққан. Биыл ақпарат құралдарының тарихы 68 жылға жуықтады. Бүгінде телеарна ABC ұлттық тележелісінің жергілікті филиалы саналады және E.W. Scripps медиакомпаниясының құрамына кіреді. Компания оны 2014 жылы өз меншігіне алған.

    ABC 7 телеарнасы Батыс Нью-Йорк өңіріндегі маңызды оқиғаларды тұрақты түрде жариялап келеді. Көрермендерге жергілікті жаңалықтармен қатар ауа райы болжамы, спорттық ақпараттар және қоғамдық-танымдық бағдарламалар ұсынылады.

    Телеарнаның Eyewitness News жаңалықтар қызметі Буффало тұрғындарына бірнеше онжылдықтан бері ақпарат таратып келеді. Енді осы ұжымның басшылық құрамындағы жауапты міндеттердің бірі қазақстандық журналист Талғат Алманға сеніп тапсырылды.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Атырау облысында өздерін «террорист» деп таныстырған екі әйел ұсталды: «КНБ мені таниды»

    Келесі жазба

    Астанада әйел туысын түрмеден босатуға көмектесемін деген алаяққа 40 млн теңгесінен айырылды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Ақмола облысында ер адамды жүк пойызы басып кетті

    «Халыққа жаны ашымайды»: Тоқаев Қазақстанға қандай адамдар керек емес екенін айтты

    Қазақстанда медицина қызметкерлерінің жалақысы өседі: психологтарға 300% үстемеақы ұсынылды

    Атырауда балалар көшеден қомақты ақша тауып алды: арасында доллар да бар

    Қостанайда екі әжені алдап, 23,5 млн теңге иемденген курьер алты жылға сотталды

    Алматыда нигериялық мұғалім қазақ тілін рэп арқылы меңгеріп жүр

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 455 ₸
    EUR EUR 498.77 ₸
    RUB RUB 5.56 ₸

    © 2025 TauNews