25 Қараша 2026, Сәрсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 458.28 ₸
    EUR EUR 501.45 ₸
    RUB RUB 5.59 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІНЕ ЖОЛ АШҚАН «КӨШБАСШЫ ӘЙЕЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ

    6 Қазан, 2026
    ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІНЕ ЖОЛ АШҚАН  «КӨШБАСШЫ ӘЙЕЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ

    Жетісу облысында әйелдердің көшбасшылық әлеуетін арттыруға және жаңа мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған «Әйелдер даму алаңы» көшбасшылық және құқықтық білім беру жобасы аясында  «Көшбасшы әйел» кешенді оқыту бағдарламасы өтті.

    Бағдарламаға 58 әйел қатысты. Оқыту барысында қатысушылар көшбасшылық қабілеттерді дамыту, тиімді коммуникация, көпшілік алдында сөйлеу, командамен жұмыс істеу, жеке даму жоспарын құру, кәсіпкерлік бағытты айқындау, жеке брендті қалыптастыру және қаржылық мақсаттарды жоспарлау бойынша білім мен практикалық дағдылар алды.

    Оқыту мазмұны қатысушылардың алған білімін тәжірибеде қолдануына мүмкіндік беретін бірнеше өзара байланысты бағыт бойынша құрылды. Бағдарлама екі практикалық мастер-класстан тұрды. Бірінші бағыт көшбасшылық пен коммуникациялық дағдыларды дамытуға арналса, екінші бағыт қатысушылардың жеке және кәсіби дамуына, кәсіпкерлік бастамаларын жүйелеуге, жеке брендін қалыптастыруға және қаржылық мақсаттарын нақтылауға бағытталды. Сабақтар теориялық ақпаратпен шектелмей, талқылаулар және нақты жағдайларға негізделген жұмыстар арқылы жүргізілді.

    Оқытудың тәжірибелік құндылығын арттыру мақсатында бағдарламаға әртүрлі салаларда кәсіби тәжірибесі бар республикалық деңгейдегі тренерлер мен сарапшылар тартылды.

    Осылайша, кешенді оқыту тек жаңа ақпарат беруге емес, қатысушылардың өз мүмкіндіктерін бағалап, алдағы даму бағытын айқындауына да бағытталды. «Көшбасшы әйел» бағдарламасының басты мақсаты – әйелдерге өз әлеуетін ашуға, жаңа білімді күнделікті өмірде және кәсіби қызметте қолдануға, жеке бастамаларын жүйелі түрде дамытуға қажетті практикалық құралдар беру.

    Аталған оқыту бағдарламасы – жоба аясында әйелдердің білімін, дағдыларын және қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған кешенді жұмыстың бір бөлігі. Жобаны Жетісу облысы ішкі саясаты басқармасының қолдауымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ гранттық жобасы аясында «Жоғары жастар кеңесі» ҚБ жүзеге асыруда.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Ақырын жүріп, анық бас

    Келесі жазба

    Шымкентте мейрамханада жұмыс істеген 13 жастағы жасөспірім қайтыс болды: полиция тергеу бастады

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Қазақ халқының шығу тегін зерттеген тұңғыш антрополог Алматыда қайтыс болды

    Оңтүстік-Шығыс Азияда қауіпті вирус таралуда: дәрігерлер қазақстандықтарға ескерту жасады

    ШҚО боксшылары жастар арасындағы Қазақстан чемпионатында алты медаль иеленді

    Атырауда автобус оқушыны қағып, үш адам зардап шекті

    Ақмола облысында ер адамды жүк пойызы басып кетті

    «Халыққа жаны ашымайды»: Тоқаев Қазақстанға қандай адамдар керек емес екенін айтты

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    imunify-bot-check
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 458.28 ₸
    EUR EUR 501.45 ₸
    RUB RUB 5.59 ₸

    © 2025 TauNews