24 Қазан 2026, Сенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 451.05 ₸
    EUR EUR 504.95 ₸
    RUB RUB 5.6 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Әлем назарын аударған Кабо-Верде өкілдері Астанаға ат басын бұрды

    3 Тамыз, 2026
    Әлем назарын аударған Кабо-Верде өкілдері Астанаға ат басын бұрды

    Фото: Azattyq Ruhy

    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасына Кабо-Верде оқушылары да қатысып жатыр

    Астанада жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиада өтіп жатыр. Байқауға әлемнің 106 елінен 500-ге жуық жас қатысып, өз білімдері мен жобаларын таныстыруда.

    Сайысқа қатысушы мемлекеттердің қатарында Кабо-Верде де бар. Ел командасының мүшесі Педро Душ Сантуш Қазақстанға алғаш рет келгенін айтты. Оның сөзінше, Кабо-Верде үшін жасанды интеллект саласы әлі де жаңа бағыт болғанымен, бұл салаға қызығушылық артып келеді.

    «Біздің елде ұлттық даму үшін жасанды интеллектіні қолдану енді қарқын алып келеді. Біз – осы бағытта өз жобаларын әзірлеп жатқан алғашқы командалардың біріміз. Сонымен қатар, техникалық мамандар мен инженерлер саны да көбейіп келеді», – деді ол.

    Кабо-Верде командасы халықаралық додада жақсы нәтиже көрсетіп, өз елінің атын танытуды мақсат етіп отыр. Қатысушылар үшін бұл алғашқы ірі халықаралық жарыс болғандықтан, олар бәсекеден тәжірибе жинап қайтуды маңызды деп санайды.

    Педро Душ Сантуш олимпиаданың ұйымдастырылу деңгейін жоғары бағалап, Қазақстандағы қонақжайлыққа ерекше тоқталды. Оның айтуынша, қатысушыларға барлық қажетті жағдай жасалған.

    Соңғы уақытта Кабо-Верде әлем назарын көбірек аудара бастаған. Бұған футболдан әлем чемпионатындағы ел құрамасының тарихи жетістігі де әсер етті. Шағын аралдық мемлекеттің танымалдығын арттырған басты тұлғалардың бірі – қақпашы Жозезинью Диаш (Возинья).

    40 жастағы қақпашы Испания құрамасымен кездесуде қарсыластың жеті қауіпті соққысына тосқауыл қойып, команданың 0:0 есебін сақтап қалуына үлкен үлес қосты. Осы ойыннан кейін Возиньяға деген қызығушылық күрт өсіп, Кабо-Верде туралы халықаралық ақпарат құралдарында жиі жазыла бастады.

    Педро Душ Сантуштың айтуынша, елге келетін туристер саны да артып келеді. Кабо-Верде бұл бағытта арнайы бағдарламалар әзірлеп, туристік мүмкіндіктерін дамытуға көңіл бөліп отыр.

    Олимпиадаға қатысып жатқан өзге командалар да жарысқа жоғары дайындықпен келген. Өзбекстан құрамасының мүшесі Аслидин Абдурахимов Қазақстанға екінші рет келгенін айтып, мұндай халықаралық жобалар тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Ал Қытай өкілдері байқауға тыңғылықты дайындалғанын жеткізді.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    БҚО-да мыңдаған гектар жерді заңсыз пайдалануға жол берілмеді

    Келесі жазба

    Жамбыл облысында қарулы шабуылдан ер адам көз жұмды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    қойып берші на новостной сайт ChatGPT сказал: Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын жеке басқарушы компанияларға аударып жатыр: сома 100 млрд теңгеден асты

    «Ұлттық қор – балаларға»: 7 миллионнан астам баланың шотына 2,5 млрд доллар аударылды

    Астанада Есіл өзенінің сағасы бір түнде тартылып қалды: жағалауды шағалалар басып кетті

    Астанада Есілдің құрғаған табанынан ноутбук пен пеш табылды

    Түркістан облысында дәрігерлер бір жастағы баланың өңешінен сырға алып шықты

    Ақмола облысында 77 жылқы ұрлады деген күдікпен әкесі мен ұлы ұсталды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 451.05 ₸
    EUR EUR 504.95 ₸
    RUB RUB 5.6 ₸

    © 2025 TauNews