Алматыда сапасыз жолға 202 млн теңге төленгені анықталды
Алматы қаласының Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасына қатысты заңбұзушылық фактісі анықталды. Белгілі болғандай, шенеуніктер сапасыз орындалған жол жұмыстары үшін мердігерге жүздеген миллион теңге аударған.
Тексеру нәтижесінде жол құрылысы нысаны мемлекеттік сараптамадан өтпей тұрып, мердігерге 202 млн теңге төленгені белгілі болды. Бұдан бөлек, келісімшарт талаптары орындалмағанына қарамастан, 27 млн теңге көлеміндегі тұрақсыздық айыбы өндірілмеген.
Осы жағдайға байланысты басқарманың бірқатар қызметкері лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдікке ілінді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қылмыстық істі Алматы қаласы ҰҚК департаментінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүргізіп жатыр.
Прокуратура Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат әзірге жарияланбайтынын хабарлады.
USD