27 Шілде 2026, Дүйсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 476.07 ₸
    EUR EUR 541.86 ₸
    RUB RUB 6.08 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Алматыда төбелес кезінде ер адам пышақ жарақатын алды

    24 Шілде, 2026
    Алматыда төбелес кезінде ер адам пышақ жарақатын алды

    Фото: Алматы қалалық Полиция департаменті

    Алматының Бостандық ауданында екі ер адам арасындағы жанжал ауыр жағдаймен аяқталды. Тұрмыстық сипаттағы келіспеушілік барысында ер адам пышақ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Оқиғаға қатысы бар күдікті көп ұзамай полиция қызметкерлері тарапынан ұсталды.

    Құқық қорғау органдарына пышақ жарақаты салынғаны туралы ақпарат түскеннен кейін, оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы мен полиция қызметкерлері барды. Дәрігерлер кеуде тұсынан жарақат алған азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны емдеу мекемесіне жеткізген.

    Күдіктіні «Буран-405» патрульдік экипажының қызметкерлері ізін суытпай қолға түсірді. Алдын ала мәлімет бойынша, екі азамат бұған дейін де сөзге келіп, арасында жанжал болған. Кейін қайта кездескен кезде дау қайта туындап, арты пышақ қолданылған оқиғаға ұласқан.

    Полиция мәліметінше, күдікті ескі нысанды бұзу жұмыстарын атқарып жүрген жұмысшылар бригадасының мүшесі болған. Ал жарақат алған азамат сол аумақтағы тұрғын үйлердің бірінде тұрады.

    Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары жанжалдың нақты себептерін анықтап, оқиғаның барлық мән-жайын тексеріп жатыр.

    Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысында қылмысқа қатысты барлық дәлелдер жиналып, қолданылған заттың орналасқан жері де анықталуда.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Қажыларға жаңа мүмкіндік: Сауд Арабиясы бір жылдық виза рәсімдеуді бастады

    Келесі жазба

    Семейде жол жөндеуге бөлінген 1,2 млрд теңге бойынша күмәнді шығындар анықталды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Google Еуроодақтан 890 млн еуро айыппұл алды

    Нұрай Серікбайдың қазасы: сотта жаңа мәліметтер белгілі болды

    Семейде жол жөндеуге бөлінген 1,2 млрд теңге бойынша күмәнді шығындар анықталды

    Алматыда төбелес кезінде ер адам пышақ жарақатын алды

    Қажыларға жаңа мүмкіндік: Сауд Арабиясы бір жылдық виза рәсімдеуді бастады

    Байжановқа рақымшылық жасалды: сот шешімі шықты

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 476.07 ₸
    EUR EUR 541.86 ₸
    RUB RUB 6.08 ₸

    © 2025 TauNews