Алматыдағы Esentai City тұрғын үйіндегі жарылыс: екі бала ауруханадан шықты
Алматы қаласындағы Esentai City тұрғын үй кешенінде болған жарылыс салдарынан зардап шеккен екі баланың жағдайы белгілі болды. Қала әкімдігінің хабарлауынша, балалар жеңіл жарақат алып, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілген.
Оқиға 22 қазанда Медеу ауданындағы Қаппаров көшесінде орналасқан үш қабатты тұрғын үйде тіркелді. Алдын ала болжам бойынша, газдың таралуы жарылысқа себеп болуы мүмкін. Оқиғадан кейін өрт шықпаған.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, төтенше жағдай салдарынан кәмелетке толмаған екі бала жеңіл жарақат алған. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп, ауруханадан шығарылған.
Қазіргі уақытта жауапты қызметтер оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын анықтап жатыр. Жарылыстың неден болғаны тексеру нәтижесінде белгілі болады.
USD