Қазақстан халқының саны жыл басынан бері шамамен 119 мың адамға өсті. Ал елорда тұрғындарының саны 1,7 миллионнан асты.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 618 796 адамды құрады. Жыл басында бұл көрсеткіш 20 499 822 адам болған. Осылайша, қаңтар–тамыз айларында ел халқы 118 974 адамға немесе 0,58%-ға артқан.
Халық саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр. Қалада 2 387 896 адам тұрады. Екінші орында – 2 142 709 тұрғыны бар Түркістан облысы. Ал Алматы облысының халқы 1 615 631 адамға жетті.
Астанада 1 қыркүйекке қарай 1 700 385 тұрғын тіркелген. Жыл басынан бері елорда халқы 61 209 адамға, яғни 3,73%-ға көбейген.
Шымкент қаласында 1 316 888 адам тұрады. Сондай-ақ Жамбыл облысында – 1 210 084, Қарағанды облысында – 1 130 123 тұрғын бар.
Ақтөбе облысының халқы 958 923 адамды, Қызылорда облысында – 844 526, Маңғыстау облысында – 826 351, Қостанай облысында – 818 458, Ақмола облысында – 795 075 адамды құрады.
Павлодар облысында 742 086, Атырау облысында 718 311, Шығыс Қазақстан облысында 715 546, Батыс Қазақстан облысында 694 262, Жетісу облысында 682 810 адам тұрады.
Абай облысының халқы – 590 702 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 510 756 тұрғын. Халық саны ең аз өңір – Ұлытау облысы, онда 217 274 адам тіркелген.
Жыл басынан бергі кезеңде Қазақстанда халықтың табиғи өсімі 113 416 адамды құрады. Ал көші-қон сальдосы 5 558 адам болды.
Сонымен қатар кейбір өңірлерде тұрғындар саны азайған. Ең көп төмендеу Жамбыл облысында байқалды – 5 572 адамға. Абай облысында халық саны 5 018 адамға, Жетісу облысында 4 891 адамға, ал Шығыс Қазақстан облысында 3 449 адамға кеміген.
USD