Астанада қоғамдық көлік тарифтері өзгереді: жолақы 400 теңгеге дейін жетеді
Астанада қала ішіндегі және қала маңына қатынайтын автобустардың жолақы мөлшері бекітілді. Жаңа тарифтер елорда әкімдігі жариялаған қаулыда көрсетілген.
Құжатқа сәйкес, қала ішіндегі кәдімгі автобустарда электронды төлем жүйесі арқылы жолақы төлеу 150 теңге болады. Ал қолма-қол ақша пайдаланатын жолаушылар 300 теңге төлеуі керек.
Экспресс-автобустарда да тариф өзгереді. Мұндай бағыттарда электронды төлеммен жүру құны 300 теңге болса, қолма-қол төлем жасаған жағдайда 400 теңгеге дейін жетеді.
Қала маңына қатынайтын автобустарда жолақы жүрген қашықтыққа қарай есептеледі. Электронды төлем кезінде әр шақырым үшін 13 теңге алынса, қолма-қол төлейтін жолаушылар үшін бұл көрсеткіш 19 теңгені құрай
USD