Астанада пәтерді тінту кезінде бір келіден астам есірткі тәркіленді
Астанада полицейлер есірткі заттарын өткізуге дайындады деген күдікпен 28 жастағы ер адамды ұстады. Оның пәтерін тінту кезінде бір келіден астам есірткі және оны өлшеп, бөлуге арналған заттар табылған.
Елорда полициясының мәліметінше, күдіктінің үйіндегі шкафтардың бірінен алдын ала жеке бөліктерге бөлініп қойылған есірткі салынған пластик түтікшелер анықталған. Барлығы 100-ден астам дайын доза тәркіленген.
Сонымен бірге пәтерден есірткіге ұқсас зат салынған ыдыс, электронды таразы және есірткіні өлшеп, орауға пайдаланылған басқа да құралдар табылған.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, тәркіленген заттардың жалпы салмағы бір килограмнан асқан.
Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазір істің мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция есірткі заттарын сақтау, дайындау және өткізу заң бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салды. Ведомство азаматтарды заңсыз есірткі айналымына қатыспауға шақырды.
USD