Астанадағы фитнес-орталықта өрт шықты: 20 адам эвакуацияланды
Астанада Қаныш Сәтбаев көшесінде орналасқан екі қабатты фитнес-орталықтың жертөлесінде өрт болды. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар ғимарат ішін қою түтін басқанын анықтады.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жертөледе күштік электр кабелі тұтанған. Өрттің салдарынан ғимараттың ішіне түтін таралып, келушілер мен қызметкерлерге қауіп төнген.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында газ-түтіннен қорғау қызметінің мамандары ғимараттан 20 адамды эвакуациялады.
ТЖМ қызметкерлері өртті жедел сөндіріп, жалынның басқа аумақтарға таралуына жол бермеді.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі мен өзге де мән-жайлары туралы қосымша ақпарат әзірге хабарланған жоқ.
USD