Астанада қалалық велопрокат маусымы 30 қыркүйекте аяқталады.
CTS мәліметінше, 30 қыркүйектен 1 қазанға қараған түні сағат 00:00-де қаладағы барлық велостанция бұғатталады. Осы уақыттан кейін тұрғындар мен қала қонақтары велопрокат қызметін пайдалана алмайды.
Компанияның хабарлауынша, осы маусымда алынған абонемент келесі жылға сақталмайды. Ал пайдаланушының шотындағы қаражаттың қалдығы келесі маусымға ауыстырылады.
Егер баланстағы ақшаны қайтарып алу қажет болса, оны CTS орталық кассасынан алуға болады. Касса Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайында орналасқан.
USD