10 Қазан 2026, Сенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 453.93 ₸
    EUR EUR 508.72 ₸
    RUB RUB 5.35 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Азия ойындары: Қазақстан қоржыны үш медальмен толықты

    30 Қыркүйек, 2026
    Азия ойындары: Қазақстан қоржыны үш медальмен толықты

    Фото: ҚР ҰОК

    Азия ойындары: Қазақстан қоржынына тағы үш медаль қосылды

    29 қыркүйекте Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан спортшылары үш жүлде еншіледі. Ұлттық құраманың қоржыны бір күміс және екі қола медальмен толықты.

    Жеңіл атлетикадан биіктікке секіру сайысында Кристина Овчинникова күміс жүлдеге ие болды. Қазақстандық спортшы финалда 1,87 метрді бағындырды. Ал алтын медаль Өзбекстан өкілі Барнохон Сайфуллаеваға бұйырды. Ол 1,90 метр нәтижесін көрсетті.

    Кураштан +87 келі салмақта сынға түскен Арайлым Шегенова да жүлдесіз қалған жоқ. Қазақстандық спортшы Оңтүстік Корея өкілі Ким Мин Ёнмен белдесіп, жеңіліс тапты. Осы нәтижемен Шегенова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

    Қазақстан ерлер құрамасы стенд атудан командалық трап бағдарламасында үшінші орын алды. Даниил Почивалов, Әлішер Айсалбаев және Марк Почивалов жалпы 348 ұпай жинап, қола медаль иеленді. Кувейт құрамасы 355 ұпаймен алтын алса, Қатар спортшылары 349 ұпаймен күміс жүлдеге қол жеткізді.

    Бокс шаршы алаңында Айбек Оралбай финалға жолдама алды. +90 келі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық боксшы жартылай финалда Үндістан өкілі Нарендерді жеңді. Енді ол 2 қазанда Азия ойындарының алтын медалі үшін жекпе-жек өткізеді.

    Ауыр атлетикада Любовь Ковальчук жүлдеге бір қадам қалды. Ол жұлқа көтеруде 115 келі, серпе көтеруде 152 келі көтеріп, қоссайыс бойынша 267 келі нәтиже көрсетті. Бұл көрсеткіш қазақстандық спортшыға төртінші орын әкелді.

    Командалық спорт түрлерінде де Қазақстан құрамасы жарысты сәтті жалғастыруда. Су добынан ерлер командасы ширек финалда Оңтүстік Кореяны 18:14 есебімен жеңіп, жартылай финалға өтті.

    Волейболдан ерлер құрамасы топтық кезеңдегі кезекті кездесуінде Өзбекстаннан 3:1 есебімен басым түсті.

    Тректегі велоспортта Қазақстан құрамасы финалға шықты. 30 қыркүйекте қазақстандық спортшылар шешуші кезеңде Оңтүстік Корея өкілдерімен кездеседі.

    29 қыркүйектегі жарыстардан кейін Қазақстан құрамасының еншісінде 48 медаль бар. Оның ішінде 9 алтын, 14 күміс және 25 қола жүлде бар. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан сегізінші орында келеді.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Жұмақ іздеген жендет

    Келесі жазба

    Зайсанда балық аулауға кеткен екі адам қаза тапты

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Қазақстан мен Оман арасында екі жаңа әуе бағыты ашылады

    Автобуста қызға тиісіп, балағаттаған қазақстандық әкімшілік қамаққа алынды

    Қазақстанда бір апта ішінде пияз, қант және алма арзандады

    Павлодар облысында әлеуметтік желі арқылы танысқан ер адамға барған әйел далада адасып кеткен

    Елордада әскери авиация ұшып, жол қозғалысына шектеу қойылды

    Шымкентте 3,1 млрд теңгелік заңсыз онлайн-казино қызметі анықталды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 453.93 ₸
    EUR EUR 508.72 ₸
    RUB RUB 5.35 ₸

    © 2025 TauNews