10 Қазан 2026, Сенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 453.93 ₸
    EUR EUR 508.72 ₸
    RUB RUB 5.35 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Зайсанда балық аулауға кеткен екі адам қаза тапты

    30 Қыркүйек, 2026
    Зайсанда балық аулауға кеткен екі адам қаза тапты

    Фото: Видеодан скрин

    Зайсан көлінде жоғалған екі балықшының мәйіті бір аптадан кейін табылды

    Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан көлінде балық аулауға шығып, жоғалып кеткен екі ер адамның денесі бірнеше күнге созылған іздеу жұмыстарынан кейін табылды.

    Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 1979 және 2001 жылы туған екі азамат 22 қыркүйекте балық аулау үшін көлге барған. Олардан хабар болмаған соң, құтқарушылар мен жергілікті тұрғындар іздеу жұмыстарын бастаған.

    Іздестірудің алғашқы күнінде жағалаудан шамамен 3-4 шақырым жерден суға батқан қайық анықталды. Алайда ер адамдардың өздерін бірден табу мүмкін болмаған.

    29 қыркүйекте жергілікті тұрғындар 2001 жылы туған ер адамның денесін судан шығарды. Келесі күні, 30 қыркүйекте, құтқарушылар 1979 жылы туған азаматтың мәйітін тапты.

    Іздеу операциясы барысында ТЖМ қызметкерлері су астына 63 рет сүңгіген. Мамандар көлдің акваториясы мен жағалау бөлігін мұқият тексеріп, іздестіру кезінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын да пайдаланған.

    Құтқару жұмыстарына ауа райының қолайсыздығы айтарлықтай кедергі келтірді. Көлдегі қатты жел мен жоғары толқын сүңгуірлердің жұмысына қиындық туғызған. Сонымен қатар тексерілуі тиіс аумақтың кең болуы іздеу тобының қозғалысын күрделендірген.

    Осылайша, Зайсан көлінде 22 қыркүйекте басталған іздестіру жұмыстары бір аптадан астам уақыттан кейін аяқталды.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Азия ойындары: Қазақстан қоржыны үш медальмен толықты

    Келесі жазба

    Қазақстанға жасалған кибершабуылдарға қатысы бар 18 адам Украинада ұсталды – ІІМ

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Қазақстан мен Оман арасында екі жаңа әуе бағыты ашылады

    Автобуста қызға тиісіп, балағаттаған қазақстандық әкімшілік қамаққа алынды

    Қазақстанда бір апта ішінде пияз, қант және алма арзандады

    Павлодар облысында әлеуметтік желі арқылы танысқан ер адамға барған әйел далада адасып кеткен

    Елордада әскери авиация ұшып, жол қозғалысына шектеу қойылды

    Шымкентте 3,1 млрд теңгелік заңсыз онлайн-казино қызметі анықталды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 453.93 ₸
    EUR EUR 508.72 ₸
    RUB RUB 5.35 ₸

    © 2025 TauNews