10 Қазан 2026, Сенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 453.93 ₸
    EUR EUR 508.72 ₸
    RUB RUB 5.35 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Қазақстанға жасалған кибершабуылдарға қатысы бар 18 адам Украинада ұсталды – ІІМ

    30 Қыркүйек, 2026
    Қазақстанға жасалған кибершабуылдарға қатысы бар 18 адам Украинада ұсталды – ІІМ

    Фото: ЖИ

    Қазақстанға жасалған кибершабуылдарға қатысы бар 18 адам Украинада қамауда отыр

    Қазақстанға бағытталған кибершабуылдарға қатысы бар деген 18 адам қазіргі уақытта Украинада қамауда отыр. Бұл туралы Құрылтайдағы брифинг барысында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді.

    Вице-министрдің айтуынша, киберқылмыстардың едәуір бөлігі бірнеше мемлекетте әрекет ететін трансұлттық қылмыстық топтардың қатысуымен жасалады. Осыған байланысты мұндай істерді тергеу кезінде шетелдік құқық қорғау органдарымен жедел ақпарат алмасу маңызды.

    Санжар Әділовтің сөзінше, құқық қорғау органдары халықаралық әріптестік аясында 20-дан астам орталықты анықтап, оларға қатысты тиісті жұмыстар жүргізген. Қазіргі таңда Қазақстанға жасалған кибершабуылдарға қатысы бар 18 адам Украина аумағында қамауда отыр.

    Министр орынбасары кибершабуылдардың түрлі мемлекеттерден жасалуы мүмкін екенін атап өтті. Сондықтан негізгі міндеттердің бірі – мұндай қатерлерге алдын ала дайын болу және халықаралық деңгейде бірлесіп әрекет ету.

    Қазақстанның «Компьютерлік қылмыстар туралы конвенцияға» қосылуы да осы бағыттағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік береді. Құжат шетелдік құқық қорғау органдарымен ақпарат алмасуды, интернет-провайдерлермен бірлесіп жұмыс істеуді және цифрлық іздерді жоғалып кетпей тұрып тіркеуді жеңілдетеді.

    Брифингте интернет-алаяқтыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелері де айтылды. Санжар Әділовтің мәліметінше, соңғы үш жылда Қазақстанда интернет-алаяқтық фактілері 40 пайызға қысқарған. Осы кезеңде жәбірленушілерге 6 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылып, 170 млн-нан астам жалған қоңыраудың жолы кесілген. Сонымен қатар шетелге шығарылуы мүмкін 5,5 млрд теңгеден астам қаражатқа тосқауыл қойылған.

    Биылғы жылдың алғашқы сегіз айында да интернет-алаяқтық көрсеткіші төмендеген. 2025 жылдың осы кезеңінде 16 564 қылмыс тіркелсе, биыл олардың саны 14 417-ге дейін азайған. Бұл — 13 пайыздық төмендеу.

    Сонымен бірге қылмыстардың ашылу деңгейі 7 пайызға артқаны хабарланды. ІІМ өкілінің айтуынша, интернеттегі қылмыс түрлеріне қарсы күресте халықаралық ынтымақтастық пен цифрлық іздерді жедел анықтау маңызды бағыттардың бірі болып қала береді.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Зайсанда балық аулауға кеткен екі адам қаза тапты

    Келесі жазба

    Депутат: Өңірлерге жас ғалымдарды тартуға жағдай жасау керек

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Қазақстан мен Оман арасында екі жаңа әуе бағыты ашылады

    Автобуста қызға тиісіп, балағаттаған қазақстандық әкімшілік қамаққа алынды

    Қазақстанда бір апта ішінде пияз, қант және алма арзандады

    Павлодар облысында әлеуметтік желі арқылы танысқан ер адамға барған әйел далада адасып кеткен

    Елордада әскери авиация ұшып, жол қозғалысына шектеу қойылды

    Шымкентте 3,1 млрд теңгелік заңсыз онлайн-казино қызметі анықталды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 453.93 ₸
    EUR EUR 508.72 ₸
    RUB RUB 5.35 ₸

    © 2025 TauNews