10 Қазан 2026, Сенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 453.93 ₸
    EUR EUR 508.72 ₸
    RUB RUB 5.35 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Депутат: Өңірлерге жас ғалымдарды тартуға жағдай жасау керек

    30 Қыркүйек, 2026
    Депутат: Өңірлерге жас ғалымдарды тартуға жағдай жасау керек

    Фото: iStockphotos

    Депутат жас ғалымдарды өңірлерге тарту үшін ынталандыру шараларын ұсынды

    Құрылтай депутаты, «Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Нұрлан Дулатбеков ғылым мен жоғары білім жүйесіндегі бірқатар мәселені көтеріп, саланы дамытуға бағытталған ұсыныстарын білдірді. Ол Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке депутаттық сауал жолдап, университеттердің дербестігін арттыру, өңірлік жоғары оқу орындарын күшейту және ғылыми кадрларды қолдау тетіктерін жетілдіру қажеттігін атап өтті.

    Депутаттың пікірінше, қазіргі жаһандық бәсекелестік жағдайында елдің даму қарқыны тікелей адами капиталдың сапасына байланысты. Білімді әрі білікті мамандардың болуы экономиканың өсуіне, жаңа технологиялардың енгізілуіне және мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігіне әсер етеді.

    Нұрлан Дулатбеков ғылым мен білімді дамытуда бірқатар жүйелі мәселе әлі де өзекті екенін айтты. Оның сөзінше, жоғары білім беру жүйесін жетілдірумен қатар, ғалымдар мен педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыруға жағдай жасау қажет.

    Депутат мемлекеттік университеттердің басқару және қаржыландыру мәселелерінде орталықтандырылған жүйеге тәуелділігіне назар аударды. Заңнамада академиялық еркіндік қарастырылғанымен, оның іс жүзінде толық жүзеге асуы үшін жоғары оқу орындарындағы корпоративтік басқару тетіктерін одан әрі дамыту қажет деп санайды.

    Оның айтуынша, университеттерге көбірек дербестік беру оқу орындарының өз даму бағытын тиімді қалыптастыруына мүмкіндік береді.

    Сонымен қатар депутат ғылым мен қаржыландыру ресурстарының басым бөлігі ірі қалаларда шоғырланғанын атап өтті. Осыған байланысты өңірлік жоғары оқу орындарының рөлін қайта қарау қажет.

    Дулатбековтің пікірінше, облыстардағы университеттер тек маман даярлайтын білім беру ұйымы болып қалмай, өз өңірлерінің ғылыми және инновациялық дамуына ықпал ететін орталықтарға айналуы тиіс.

    Осы мақсатта ол өңірлік жоғары оқу орындарын дамытуға арналған кешенді бағдарлама әзірлеуді ұсынды. Сондай-ақ халық саны, әсіресе жастар үлесі жылдам өсіп келе жатқан аймақтарда жаңа университеттік орталықтар ашу мүмкіндігін қарастыру қажеттігін айтты.

    Депутат жас ғалымдардың өңірлерде жұмыс істеуіне жағдай жасау мәселесіне де ерекше тоқталды. Оның пайымынша, ғылыми кадрларды аймақтарға тарту үшін қосымша әлеуметтік және кәсіби ынталандыру тетіктерін енгізу қажет.

    Оған қоса ғылыми инфрақұрылымға қолжетімділікті кеңейту, жас зерттеушілерді қолдау және ғылыми мансаптың үздіксіз жүйесін қалыптастыру маңызды. Бұл шаралар өңірлердегі ғылыми әлеуетті күшейтіп, жергілікті университеттердің зерттеу және инновациялық мүмкіндіктерін арттыруға бағытталмақ.

    Депутаттың ұсыныстары жоғары білім мен ғылымды тек ірі қалаларда емес, өңірлерде де дамытуға және жас мамандар үшін жаңа кәсіби мүмкіндіктер қалыптастыруға бағытталған.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Қазақстанға жасалған кибершабуылдарға қатысы бар 18 адам Украинада ұсталды – ІІМ

    Келесі жазба

    Сұлтан Сәрсемалиев ісі: хакерге 12 эпизод бойынша айып тағылған

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Қазақстан мен Оман арасында екі жаңа әуе бағыты ашылады

    Автобуста қызға тиісіп, балағаттаған қазақстандық әкімшілік қамаққа алынды

    Қазақстанда бір апта ішінде пияз, қант және алма арзандады

    Павлодар облысында әлеуметтік желі арқылы танысқан ер адамға барған әйел далада адасып кеткен

    Елордада әскери авиация ұшып, жол қозғалысына шектеу қойылды

    Шымкентте 3,1 млрд теңгелік заңсыз онлайн-казино қызметі анықталды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 453.93 ₸
    EUR EUR 508.72 ₸
    RUB RUB 5.35 ₸

    © 2025 TauNews