10 Тамыз 2026, Дүйсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 469.93 ₸
    EUR EUR 541.64 ₸
    RUB RUB 5.71 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Хромтаудағы сұмдық іс: мұздатқыштан адамның басы табылған қылмыскер 11 жылға сотталды

    22 Шілде, 2026
    Хромтаудағы сұмдық іс: мұздатқыштан адамның басы табылған қылмыскер 11 жылға сотталды

    Фото: istockphoto.com

    Ақтөбе облысының Хромтау қаласында жоғалып кеткен ер адамның өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі заңды күшіне енді. Негізгі айыпталушы 11 жылға, ал қылмысты жасырған екінші тұлға 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

    Іс материалдарына сәйкес, 2024 жылғы 11 қазанда жергілікті тұрғын полицияға жұбайының бір аптаға жуық уақыттан бері үйіне оралмағанын және байланысқа шықпай жатқанын хабарлаған. Осыдан кейін тәртіп сақшылары жедел түрде іздестіру жұмыстарын бастап, арнайы жедел-тергеу тобын құрды.

    Тергеу барысында полицейлер жоғалған азаматтың жүрген ортасын толық зерттеп, туыстары, көршілері, таныстары мен әріптестерінен жауап алған. Сонымен қатар оның болуы мүмкін барлық орындар тексеріліп, жиналған ақпарат мұқият сараланған.

    Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде құқық қорғау органдары ер адамның екі танысына күдік келтірген. Олардың тұрғылықты мекенжайында жүргізілген тінту кезінде қылмысқа қатыстылығын дәлелдейтін заттай айғақтар табылды. Сол кезде жоғалған азаматтың басы мұздатқыштың ішінен анықталған.

    Тергеушілердің мәліметінше, жиналған дәлелдер күдіктілердің кінәсін толық растаған. Кейін олар жасаған қылмыстарын мойындаған.

    Қылмыстық іс толық әрі жан-жақты тергеліп, белгіленген мерзімде сотқа жолданды. 2025 жылдың ақпанында сот үкім шығарып, негізгі айыпталушыны адам өлтіргені үшін 11 жылға бас бостандығынан айырды. Ал екінші сотталушы аса ауыр қылмысты жасырғаны үшін кінәлі деп танылып, 4 жылға сотталды.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Елімізде биыл 250 мыңға жуық адам жұмыс тапты

    Келесі жазба

    Жалған құжатпен шекара аспақ болған: Қазақстанда жыл басынан бері жүздеген қылмыстың жолы кесілді

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Екпе талаптарын сақтамаған балабақшаларға айыппұл салынды

    Қай учаскеде дауыс бересіз? Құрылтай сайлауына қатысты нұсқаулық

    Қазақстанда күн қатты ысиды: кей өңірлерде +41° дейін жетеді

    Қазақстан футбол құрамасының жаңа бас бапкері тағайындалды

    Қазақстанда бастауыш сыныптар үшін бағалау жүйесін өзгерту ұсынылды

    Рамзан Қадыров Шешенстан басшысы қызметіне кандидат болып тіркелді

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 469.93 ₸
    EUR EUR 541.64 ₸
    RUB RUB 5.71 ₸

    © 2025 TauNews