Қызылорда облысында Қазалы аудандық сотының төрағасы Дәурен Әбдіқалықов пен судья Серік Бертайға қатысты сот үкімі шықты. Екеуіне де 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, сот шешімі 18 қыркүйекте шығарылған. Сотталушылар сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған.
Ведомство мәліметінше, Дәурен Әбдіқалықов Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша, ал Серік Бертай осы баптың 3-бөлігінің 2 және 4-тармақтарында көзделген құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жауапқа тартылған.
Тергеу деректеріне сәйкес, екі судья да биыл қаңтар айында ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен ҰҚК қызметкерлері тарапынан ұсталған.
Сот нәтижесінде олардың кінәсі дәлелденіп, әрқайсысына 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді.
USD