10 Қазан 2026, Сенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 453.93 ₸
    EUR EUR 508.72 ₸
    RUB RUB 5.35 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Қазан айында Қазақстанда ауа райы қандай болады: кей өңірлерде +28 градусқа дейін жылынады

    1 Қазан, 2026
    Қазан айында Қазақстанда ауа райы қандай болады: кей өңірлерде +28 градусқа дейін жылынады

    Фото: istockphoto.com

    Қазгидромет мамандары Қазақстанда қазан айында қалыптасатын ауа райына қатысты болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, ай жалпы алғанда жылы болады деп күтілуде. Ал жауын-шашын көлемі көп өңірде климаттық нормаға жақын болады.

    Айдың алғашқы күндерінде еліміздің басым бөлігінде күн жылынып, ауа температурасы +15…+25°С аралығында сақталады. Алайда кейін Солтүстік циклонның ықпалы күшейіп, республика бойынша жаңбыр мен қар жаууы мүмкін. Желдің жылдамдығы кей жерлерде 15–28 м/с-қа дейін жетеді. Солтүстік өңірлерде бұрқасын соғып, тұман, көктайғақ және үсік жүру ықтималдығы бар.

    Арктикалық ауа массаларының енуіне байланысты температура уақытша төмендейді. Батыс пен солтүстік-батыста түнде -6…+5°С, күндіз +2…+11°С шамасында болады. Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде түнгі температура -1…-6°С-қа дейін төмендеп, күндіз 0…+8°С аралығында қалыптасады.

    Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда ауа райы салыстырмалы түрде жылырақ болады. Мұнда түнде 0…+5°С, күндіз +10…+15°С күтіледі. Таулы аймақтарда түнгі температура -2…-10°С-қа дейін төмендеуі мүмкін.

    Дегенмен, салқын кезең ұзаққа созылмайды. Қазанның алғашқы онкүндігінің екінші жартысында Орта Азия мен Жерорта теңізінің шығыс бөлігінен жылы ауа массалары келеді. Соның әсерінен елдің көп бөлігінде күндіз +15…+20°С-қа дейін жылынуы ықтимал. Ал оңтүстік-батыс пен оңтүстік өңірлерде температура +18…+28°С-қа дейін көтеріледі.

    Айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде ауа райы құбылмалы болады. Батыс пен солтүстік-батыста күндізгі температура бастапқыда +18…+28°С болса, кейін +10…+20°С-қа дейін төмендеуі мүмкін. Солтүстік, орталық және шығыста күндіз +15…+23°С-тан +3…+13°С-қа дейін өзгереді.

    Оңтүстік өңірлерде де температура бірқалыпты болмайды: күндіз +15…+23°С аралығынан +20…+30°С-қа дейін көтерілуі мүмкін. Кейбір кезеңдерде түнде -1…-6°С, күндіз +10…+15°С шамасында болады.

    Жалпы алғанда, қазан айында Қазақстанның басым бөлігінде орташа ауа температурасы климаттық нормадан 1–2°С жоғары болады деп болжануда. Ал Шығыс Қазақстан, Павлодар және Абай облыстарының солтүстік-шығыс бөлігінде көрсеткіштер климаттық нормаға жуық болады.

    Синоптиктердің болжамынша, ай ішінде түсетін жауын-шашын мөлшері республиканың көп бөлігінде көпжылдық орташа көрсеткіштер шамасында сақталады.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Дзюдошы Әділет Алмат Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді

    Келесі жазба

    АҚШ-та әйел мен оның екі қызының мәйіті шкафтан табылды: іс 14 жылдан кейін сотқа жетті

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Қазақстан мен Оман арасында екі жаңа әуе бағыты ашылады

    Автобуста қызға тиісіп, балағаттаған қазақстандық әкімшілік қамаққа алынды

    Қазақстанда бір апта ішінде пияз, қант және алма арзандады

    Павлодар облысында әлеуметтік желі арқылы танысқан ер адамға барған әйел далада адасып кеткен

    Елордада әскери авиация ұшып, жол қозғалысына шектеу қойылды

    Шымкентте 3,1 млрд теңгелік заңсыз онлайн-казино қызметі анықталды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 453.93 ₸
    EUR EUR 508.72 ₸
    RUB RUB 5.35 ₸

    © 2025 TauNews