Қазақстанда қысқы маусымға 5,8 млн тонна көмір мен 137 мың тонна мазут қоры әзірленді
Қазақстанда алдағы қысқы кезеңге дайындық жұмыстары жалғасуда. 10 қарашада өткен Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов елдегі жылу беру маусымына дайындық барысы туралы баяндады.
Министрдің мәліметінше, қазіргі уақытта энергетикалық нысандардың отын қоймаларында 5,8 млн тонна көмір және 137 мың тонна мазут жинақталған. Оның айтуынша, барлық электр станцияларына қажетті отынның нормативтік қоры жеткізілген.
Сонымен қатар, министрлік өңірлерге 255 мың тонна мазутты төмендетілген бағамен жеткізу кестесін әзірлеген. Бұл отынды аймақтарға тарату жұмыстары қыркүйек айынан бері жүргізіліп келеді.
Үкімет отырысында Премьер-министр мен оның орынбасарлары, министрлер және облыс әкімдері жылыту маусымының өту барысын талқылады.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, қалыптастырылған отын қоры елдегі электр және жылу энергиясын өндіретін нысандардың қысқы кезеңде тұрақты жұмыс істеуіне бағытталған.
USD