Семейде жоғалған 15 жастағы жасөспірім іздестіріліп жатыр
Семей қаласында 15 жастағы жасөспірім хабар-ошарсыз кеткен. Ол үйінен шығып кеткеннен кейін қайта оралмаған. Қазіргі уақытта полиция оның қайда екенін анықтап жатыр.
Абай облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, 1 қараша күні Семей қаласының 44 жастағы тұрғыны ұлының жоғалғаны туралы арызбен полицияға жүгінген.
Із-түзсіз кеткен жасөспірімнің аты-жөні – Сейталин Айдар Дамирұлы. Ол 2011 жылдың 10 мамырында дүниеге келген.
Белгілі болғандай, Айдар 31 қазанда үйінен шығып кеткен. Содан бері оның қайда жүргені туралы ешқандай мәлімет жоқ.
Полиция өкілдері жасөспірімді көрген немесе оның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтардан көмек сұрайды.
«Егер сіз Айдар Сейталинді көрсеңіз немесе оның жүрген жері туралы хабардар болсаңыз, дереу 102 арнасына хабарлауыңызды немесе жақын маңдағы полиция бөліміне жүгінуіңізді өтінеміз», – делінген ведомство хабарламасында.
USD