Астанада жиһаз жасап беремін деп 15 адамды алдаған ер адам сотталды
Астанада жиһаз дайындау және үй төбесін жөндеу қызметін ұсынған ер адам алаяқтық жасағаны үшін сотталды. Ол 15 тұрғынның сеніміне кіріп, 21 миллион теңгеден астам қаражатын иемденген.
Тергеу мәліметінше, ер адам Instagram әлеуметтік желісіне жиһаз жасау және жөндеу жұмыстары туралы жарнамалар жариялаған. Тапсырыс берушілерді сендіру үшін олармен келісімшарт жасасып, қызмет ақысының алдын ала төлемін қолма-қол немесе банк аударымы арқылы қабылдаған.
Алайда тапсырыстарды орындаудың орнына алған ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған. Осылайша, оның әрекетінен 15 адам зардап шегіп, жалпы шығын көлемі 21 миллион теңгеден асқан.
Сот отырысында ер адамның кінәсі толық дәлелденді. Нәтижесінде ол 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар сотталған азамат жәбірленушілерге келтірілген 21 миллион теңгеден астам материалдық шығынды өтеуге міндеттелді.
USD